Gorenje компаниясына беделді EQTM сапа сертификаты табысталды

Gorenje компания өндіретін асханаға және кір жуу бөлмелеріне арналған заманауи және ыңғайлы тұрмыстық техникалардың Еуропалық сапа тауар белгісін (EQTM) алды. Бұл біз қалаған марапат – бүкіл Еуропа бойынша тауарлар мен қызметтердің алдыңғы қатарлы өндірушілеріне ғана берілетін жоғары сапа мен экологиялық жауапкершілікті мойындау. 

1956 жылы негізі қаланған Еуропалық сапа ұйымы European Organization for Quality (EOQ) жоғары сапа қағидаларын насихаттайтын тәуелсіз әрі коммерциялық емес қауымдастық болып табылады. Оның қызметі ұйымдардың графикалық шекараларының шектеріне таралады және еуропа елдері мен басқа да аймақтардың сарапшылары мен компанияларының түрлі бағыттағы топтарын қамтиды. 22 000 астам жеке және 8 000 заңды тұлға мүшесі болып табылатын Еуропалық сапа ұйымы сапаның жоғары стандарттары мен алдыңғы қатарлы тәжірибені іске асыруға арналған негізгі қозғаушы күш болып табылады. Ұйым өз бастамалары арқылы түрлі секторлардағы сапаны арттыруға айтарлықтай үлес қосады, бұл еуропа қауымдастығын қалыптастыруда аса маңызды рөл атқарады.

Алынған EQTM сертификаты тұмшапештерін, асхана плиталарын, пісіру алаңдарын, ыдыс жуу және кір жуу машиналарын қоса алғанда, Gorenje компаниясының асханаға және кір жуу бөлмелеріне арналған ең көп таралған тұрмыстық техникасына таратылады. Беделді Еуропалық сапа тауар белгісі сертификатын алу үшін өнім қатаң  өлшемдерге сай келуі тиіс: ол нарықта кемінде үш жыл ұсынылуы, тұрақты жетілдірілуі, кемінде 60 % еуропада өндірілген компоненттерден тұруы және әртараптандырылған клиент дерекқорынан табыс алып келуі тиіс. Сонымен қатар, өнімдер еліктеу емес, компанияның түпнұсқа әзірлемелері болуы және қажет болған кезде зияттық  меншік құқықтарымен қорғалуы тиіс. Сондай-ақ, пайдаланушылардың қанағаттану деңгейі әрқашан 90 %-дан жоғары болуы керек, бұл компанияның мінсіздікке және пайдаланушыларға ерекше көңіл бөлуге ұмытылуының белгілері болып табылады.