GV643D60 Толығымен кіріктірілген ыдыс жуғыш машина

Толығымен кіріктірілген ыдыс жуғыш машина GV643D60

Толығымен кіріктірілген ыдыс жуғыш машина Энергия тұтыну классы: A+++ Жүктеу: 16 ыдыс жинағы Себет саны: 3 Толық Автоматты есікті ашу Габариттік көлемдер (ЕхБхТ): 59.8 × 81.6 × 55.5 см
Басып шығару
Басып шығару
Бөлісу
Facebook
Twitter
скачать
скачать

Артықшылықтар

_products/features/icon - Еуропалық сапа

Еуропалық сапа

Еуропада жасалған
Gorenje ыдыс жуғыш машиналары Еуропада шығарылады және Швецияда жаңа технологиялар саласындағы жаңашыл мамандар командасымен әзірленеді. Әрбір құрылғының өндірісіне, ол Сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетіндей етіліп, барынша көңіл бөлінеді.
_products/features/icon - Пайдаланудағы икемділік

Пайдаланудағы икемділік

Ыдысты тез және оңай тиеу және алып шығару
Үш себеттен тұратын жүйе кез келген қажеттілікке оңай бейімделеді. Ортаңғы себет тыныш және бірқалыпты сырғанауды қамтамасыз ететін шарикті мойынтіректермен жабдықталған. Орташа себетті биіктігі бойынша 4 сантиметрге ауыстыру мүмкіндігі және асхана аспаптарына арналған көпфункционалды себет әртүрлі көлемдегі және пішіндегі ыдыстарды тиеуге және жууға мүмкіндік береді. Үш себетпен бір мезгілде 16 жиынтыққа дейін ыдыс-аяқты жууға болады.
Одан әрі
Жасыру
_products/features/icon - TotalDry кептіруі

TotalDry кептіруі

Мүлдем құрғақ ыдыс
Мүлдем құрғақ ыдыс және энергияны 20%-ға дейін үнемдеу. Ыдыс жуатын машинаның есігі жуу циклының соңында автоматты түрде ашылады және ыдыстың шамадан тыс ылғалдылықтан жиһазға зақым келтірмей толық құрғауын қамтамасыз ете отырып, жиналған буды шығарады. TotalDry-мен Сіз енді ыдысты қолмен сүртпейсіз және астан кейін демалуға көп уақытыңыз болады.
Одан әрі
Жасыру

«Авто» бағдарламасы

Екі адамға немесе он екі адамға арналған кешкі ас па? Ыдыстар әрқашан таза болады
Ыдыстың ластану деңгейін жай анықтай отырып, энергияның 50%-ын үнемдейтін жуу бағдарламасы. Судың ластануының арнайы мөлшерлегіштері ыдыстың қаншалықты ластанғанын анықтайды және негізгі жуу фазасының ұзақтығы мен судың 45°C-дан 65°C-ға дейінгі өзгеретін температурасын күйге келтіреді. Осылайша, автоматты бағдарлама - бұл ыдыс жуудың ең оңтайлы және энергияны үнемдейтін тәсілі.
Одан әрі
Жасыру

1 сағатта жылдам жуу

Жылдам және таза
Ыдыстарда аздап кеуіп қалған тамақ қалдықтары бар ыдысты күн сайын жуу үшін әзірленген тиімді және жылдам бағдарлама. Бағдарлама 65°C температура барысында 1 сағатта орындалады.

Өздігінен тазалау бағдарламасы

Әрқашан өте таза ыдыс жуатын машина
Ыдыс жуатын машинаның таза камерасы ыдысты жуу сапасының әрқашан Сіздің үмітіңізге сәйкес келетінін білдіреді. Айына бір рет тазалау бағдарламасын іске қосыңыз, сонда ешқашан жуғыш камераны, шашыратқыштарды және түтіктерді өз қолыңызбен жууды қажет етпейді.

Толық AquaStop

Ағып кету туралы ұмытыңыз
AquaStop қорғаныш жүйесімен ыдыс жуатын машинаны түнде немесе өзіңіз болмаған уатытта да қауіпсіз қалдыруға болады. AquaStop су ағып кеткен немесе су басқан жағдайда автоматты түрде су беруді тоқтатады, ал сорғы машина камерасынан қалған суды сорып алады. AquaStop жүйесі құрылғының барлық қызмет ету мерзімінде толық жұмыс істейді.
Одан әрі
Жасыру

MultiClack жүйесі

Кез келген көлемдегі ыдысқа арналған орын
Gorenje ыдыс жуғыш машиналарында жоғарғы себетті екі деңгей арасында оңай орнын алмастыруға болады. Үлкен кастрюльдерді, табаларды, тостақандарды, табақтар мен бокалдарды жууға арналған ыңғайлы шешім.

ЭкстраГигиена

Әрқашан таза балалар бөтелкелері
Суық шайудың қосымша циклынан кейін машина ыдысты 70°С температура барысында шаяды, бұл зарарсыздандыру әсерін тудырады, осы кезде барлық бактериялардың 99,9% жойылады. Бұл бағдарлама ыдыстың шынымен де мінсіз таза екеніне қосымша сенімділікті қажет ететін пайдаланушылар үшін әзірленген.
Одан әрі
Жасыру

Сүзгіні өздігінен тазалау

Машина ішіндегі толық гигиена
Автоматты жүйе сүзгінің бітелуін болдырмайды, ал арнайы жуу жүйесі оның жұмысындағы ақаулардың алдын алады. Бұдан басқа, енді сүзгіні сирегірек тазартуға болады.

«Шыны» бағдарламасы

Хрусталь бұйымдарын ұқыпты жуу
Шыны ыдыстарға арналған арнайы бағдарламамен Gorenje UltraClean ыдыс жуғыш машиналары Сіздің барлық ыдыстарыңызға ұқыпты қарайды. Төмен жуу температурасының арқасында бағдарламаны тіпті хрусталь бұйымдарға да пайдалану қауіпсіз.

Ыстық суға қосылу

Жоғары температура, энергия тұтыну төмен
Gorenje ыдыс жуғыш машиналарын суық судың орнына ыстық суға да (макс. 70°C) қосуға болады. Бұл бағдарлама уақытын қысқартып, электр энергиясын тұтынуды азайтады. Қоршаған орта және отбасылық бюджет жөніндегі қамқорлығы бар шешім.

Өлшемдері бойынша себеттер

Ойластырылған құрастыру
Себеттердің түрлі-түсті жиналмалы ұстағыштары және ыдысты тиеуге ыңғайлы болуы үшін реттелетін жинағы болады. Үстіңгі себет екі деңгей арасындағы биіктік бойынша оңай жылжытылады және бұл машинаға ең үлкен кастрюльдер мен табақтарды да орналастыруға мүмкіндік береді. Төменгі себеттегі табақтарға арналған ұстағыштар үлкен ыдысқа арналған орынды қамтамасыз ете отырып жиналады. Асхана аспаптарына арналған арнайы науа қарастырылған, онда заттар бөлек орналастырылады, сондықтан басқа ыдысты тырнамайды және толық құрғатады. Әзірлеушілер ыдысты жууды барынша жеңілдету үшін әрбір бөлшекке назар аударған.
Одан әрі
Жасыру

Есо бағдарламасы

Энергияны үнемдеу
Есо бағдарламасын таңдау барысында машина ыдысты неғұрлым төмен температурада жуады да шаяды және бұл ретте ластануды тиімді жоя отырып, аз су жұмсайды.

16 ыдыс жиынтығы

Барлық ыдыстарыңыз үшін орын жеткілікті
Gorenje UltraClean ыдыс жуғыш машиналарында Сіздің барлық ыдыстарыңыз үшін жеткілікті орын бар. Үш себет 16 асхана жиынтығын бір уақытта жууға мүмкіндік береді. Толық реттелетін ішкі кеңістік ыдыстың кез келген өлшемі мен пішінін сыйғызады. Машинаны пайдалану оңай және ыңғайлы, ал жуу нәтижелері тамаша. Енді ауқымды кеш өткізуге болады!
Одан әрі
Жасыру

Жоғарғы шашыратқыш

Жуу тиімділігі 30%-ға артық
Қосымша шашыратқыштың арқасында су жуу камерасының ең алыс бұрыштарына еніп, жуу нәтижелерін 30%-ға дейін жақсартады. Ыдыстар мен асханалық аспаптар әрқашан мұқият жуылады.

D энергия тиімділігі сыныбы

Ақшаны үнемдеу
Оңтайландырылған бағдарламалардың және зияткерлік шешімдердің арқасында Gorenje ыдыс жуғыш машиналары өте төмен энергия шығынымен тамаша жуу және кептіру нәтижелерін қамтамасыз етеді.

Жуу құралдарына арналған мөлшерлегішЖылжымалы қақпағы бар ықшам мөлшерлегіш

Жылжымалы қақпағы бар ықшам мөлшерлегіш
Gorenje жаңа ыдыс жуғыш машиналары жуу құралы үнсіз берілетін жылжымалы қақпағы бар ықшам мөлшерлегішпен жабдықталған. Ыңғайлы және тазалауға оңай мөлшерлегіш жуу құралын жақсы мөлшерлеуге және ыдыстың кез келген түрін жуу кезінде тамаша нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

SmartControl

Бақылау және нақтылық
Ыдыс жуатын машинаны басқару бұрыннан да жеңілдеді. Барлық басқару элементтері эргономикалық панельде солдан оңға қарайғы тәртіпте орналасқан. Барлық ыдыс жуатын машиналарда ақ түсті ЖК-дисплей орнатылған, ал кейбір модельдер сенсорлы басқарумен жабдықталған. Бір ғана жанасу болса, ыдыс жуатын машина жұмыс істей бастайды.
Одан әрі
Жасыру

Бастау мерзімін кейінге қалдыру

Таза ыдыс және электр энергиясын үнемдеу
Бағдарламаны неғұрлым кеш уақытқа кейінірек іске қосуды бағдарлап қойыңыз және Сізге ыңғайлы болғанда машина жұмыс істеп тұрсын, мысалы, электр энергиясының тарифі төмендегенде, түнде жұмыс істей берсін. Сізге керек кезде ыдыс өте жақсы жуылып тұрады.

Үшінші себет

Ыңғайлылық және бейімделу
Модульді үшінші себет асхана аспаптарын жууға арналған. Ол камераның жоғарғы бөлігінде орналасқан, бұл пайдалы кеңістікті арттырады және ыдыс жуатын машинаның барлық ішкі көлемін барынша пайдалануға мүмкіндік береді. Себеттің бүйірлік модульдерін машинада қанша орын керек болуына байланысты жылжытуға болады.
Одан әрі
Жасыру

Қарапайым басқару

Қажетті бағдарламаны қарапайым таңдау
Эргономикалық және көрнекі басқару панелі қажетті бағдарламаны және басқа баптауларды оңай таңдауға, сондай-ақ машинаның жұмысын бақылауға мүмкіндік береді.
Көбірек мүмкіншіліктерАз мүмкіншіліктер

Техникалық сипаттамалар

Энергия тұтыну классы: A+++

Кіреберіс судың макс. температурасы: 70 °C

Инверторлы мотор: Асинхронды бiрфазалы қозғалтқыш

Таңдалған бағдарлама индикаторы

Басқару: Сенсорное управление

Температура режимдері: 40, 45, 50, 55, 60, 65, 70 °C

Сынақ бағдарламасы: 1

Жүктеу: 16 ыдыс жинағы

Бағдарламаларды есте сақтау

Автоматты бағдарлама

«Жылдам жуу» атқарымы (4 қосымша жуу бағдарламасы)

Автоматты есікті ашу

Функция «3 в 1»

Таңдалған бағдарлама индикаторы

Бағдарламаның аяқталуына қалған уақыт көрсеткіші: Қалған уақыт көрсеткіші

Есiктiң қасбетін орнату: Қосымша болуы мүмкін

Стартты 24 сағатқа дейін кейінге қалдыру

Себет саны: 3

Жоғарғы корпус биіктігін реттеу механизмі: MultiClack: жоғарғы себеттің биіктігін реттеу механизмі

Судың шашырау деңгейінің саны: 5 су бүріккіш деңгейі

Су бүріккіш саны: 3

Өзін-өзі тазартатын сүзгі

Төменгі себет: Үлкен себет торы; Бүктемелі/бөлек тәрелкелер ұстаушы

Су асып кетуден қорғаныс: Толық

Қызмет көрсету диагностикасы

Тот баспайтын болаттан бак

Су тұтыну: 11 л

Қуатты тұтыну - қалыпты бағдарлама: 0.85 кВт

Жылдық су тұтыну: 3,080 л

Шу деңгейі: 44 дБ (А)

Биіктігін реттеу: 74 мм

Габариттік көлемдер (ЕхБхТ): 59.8 × 81.6 × 55.5 см

Қаптамадағы өлшемдер (ЕхБхТ): 64 × 88 × 66.5 см

Құрастыру өлшемдері (ЕхБхТ): 60 × 82 × 55.5 см

Нетто салмағы: 29.5 кг

Брутто салмағы: 31.5 кг

Іске қосу қуаты: 1,900 Вт

Номиналды тоқ: 10 А

Бұйым нөмірі: 739655

ЕАN-белгі жүйесі: 3838782606205

Қолдау көрсету

ІЛЕСПЕ ТАУАРЛАР