Техникалық ерешеліктері

Автомәзір/алдын ала қондырылған бағдарламалар және пайдаланушы бағдарламаларын жадына сақтау - бәрі тек оңай таңдау үшін.

Микротолқынды пештердің бірқатар үлгілерінде тағамдардың кей түрлерін даярлауға арналған автоматты бағдарламалары бар. Сіз азық-түліктің салмағы мен түрін таңдайсыз, ал пеш өзі тиімді қуат пен әзірлеу уақытын таңдайды. Сүйікті тағамын даярлау үшін көбіне белгілі бір бағдарламаны қолданатындар үшін, жадында сақтау функциясы қажет болады. Бұл функцияның көмегімен бұрынғы күйді сақтауға және оны бір батырма басу арқылы қайта келтіруге болады.

Smart Display

Ыңғайлы сандық дисплей
Талғампаз және көрнекі сандық дисплей таңдалған функцияларға сәйкес пісіру процесін толығымен басқаруға мүмкіндік береді. Дисплейде бағдарламаның аяқталуына қанша уақыт қалғандығы және таңдалған қыздыру режимі көрсетіледі.

Inox Terior

Біздің микротолқынды пештердің көпшілігінің ішкі беті тот баспайтын болаттан жасалғанды, бұл тамаша пісіру нәтижелеріне кепілдік береді. Тот баспайтын болат, қысқатолқындардың айналымын, басқа пештерге қарағанда анағұрлым мінсіз етеді.

Gourmet Wave System

Gourmet Wave System технологиясы камерада жылудың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді, ал бұл - жылдам және керемет пісіру нәтижелерін береді. Сонымен қатар тағамдардағы витаминдер мен қоректік заттар сақталады. Қуат деңгейінің үздіксіз түрде қадағалануы, электр энергиясының микротолқындарға алмасу барысын жылдамдатады, қарапайым микротолқынды пештермен салыстырғанда, микротолқындардың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді және бұл оның мінсіз сипаттамаларға айналатынының көрінісі болып табылады. Бұл технология тек сізді уақытыңызды ғана үнемдеп қоймай, энергия шығынын - 15% дейін айтарлықтай төмендетеді. Gorenje компаниясының Gourmet Wave System жүйесі арқылы, бірнеше минут ішінде даяр болып шығатын дәмді суфле, қытырлақ пісірілген тауық еті, тамаша пицца, балық немесе көкөністерден ляззат аласыз.

TouchControl

Заманауи сенсорлық технология микротолқынды пешті басқарудың қарапайым және түсінікті түрін ұсынады. Пешті, оның жұмысына керексіз кедергі келтірушілерден сақ болу үшін, бұғаттауға болады.

Көп функциялы пештер: қысқа толқынды, конвекция және гриль

Gorenje-дің микротолқынды пештері микротолқынды пештердің, конвекция мен грильдің барлық артықшылықтарын қамтамасыз етеді және аралас пайдалану - аспаздық мүмкіндіктер мен эксперименттердің жаңа әлемін ашады. Пісіру процесін жеделдету үшін алты түрлі қуат деңгейін қолдануға болады, ал белсенді конвекция (пешті 250 ° C жылыту) үздік нәтиже береді. Гриль және конвекциялы жылытуды бір мезгілде қолдану опциясы әсіресе қуыру үшін жарамды, ал етті, пиццаны немесе басқа да көптеген ыдыстарды дайындаған кезде гриль мен микротолқынды бір мезгілде қолдану өте ыңғайлы болады.

Қуат деңгейі Сіздің қалауыңыз бойынша

Микротолқынды қуаттың мына бес деңгейі - 100, 70, 50, 30 және 10% - сізге қыздырудың қажетті қарқынын және өнім түрін ескере отырып, тағам даярлаға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, грильге қажетті қуат пен пешті қыздыру температурасын және конвекция режимінде пісіруді таңдауға болады.

Алдын ала орнатылған бағдарламалар және пайдаланушы бағдарламаларын жадында сақтау атқарымы, сіздің оңай таңдау жасай алуыңызға бағытталған

Микротолқынды пештердің бірқатар модельдерінде тағамдардың кей түрлерін даярлауға арналған автоматты бағдарламалары бар. Сіз азық-түліктің салмағы мен түрін таңдайсыз, ал пеш өзі тиімді қуат пен әзірлеу уақытын таңдайды. Сүйікті тағамын даярлау үшін көбіне белгілі бір бағдарламаны қолданатындар үшін, жадында сақтау функциясы қажет болады. Бұл функцияның көмегімен бұрынғы күйді сақтауға және оны бір батырма басу арқылы қайта келтіруге болады.

Сенімді электронды бақылау және алдын ала орнатылған рецепттер

Барлық қондырылмалы Gorenje пештері дәл қажет уақытты және ас әзірлеу әдісін анықтай алатын, қолданылуы өте оңай болып келетін электрондық басқарумен жабдықталған. Алдын ала орнатылған рецепттерді пайдалансаңыз, онда сіз тек қана қолданылатын өнім/сусын салмағын көрсетуіңіз қажет, ал пеш, сіз әрдайым ең жақсы нәтиже алабілуіңіз үшін, автоматты түрде пісіру бағдарламасы мен пісіруге кететін уақытты өзі таңдайды. Gorenje үздік сыныбына жататын модельдеріне тән арнайы ерекше - автоматты бағдарламаларды сенсорлық түрде бақылау болып табылады. Дисплейде сізге түсінікті таңбалар, сонымен қатар, дұрыс таңдау жасауыңызға көмек беретін мәтін көрсетіледі.

Микротолқын режимінде жібіту және пісіру

Cyclic Defrost функциясы, өзінің өнімге ішінен әсер ететін микротолқындарының жүріп тұрған энергиясының ретсіз кезегі арқылы, еріту барысын жылдамтады және оны біркелкі еруін қамтамасыз етеді. Turbo baking функциясы, ыстық ауаны және грильді қыздыра отырып, күні бүгінге дейін микротолқынды пеште пісірілуі мүмкін болмаған, тағамның алтындай қытырлақ қабықпен пісіп шығуына көмектеседі. Микротолқынды пештің ерекше функционалдығы, сізге тағам әзірлеу бойынша мүлдем жаңа көзқарас ұсынады: Еріту және жылыту • гриль функциясы мен конвекциялық қыздырудың үйлесімділігі • микротолқын функциясы мен конвекциялық қыздырудың үйлесімділігі • Қуыру / конвекция режимінде микротолқынсыз пісіру.

Айналмалы табақша, табалар мен торлар ұтымды нәтижеге қол жеткізеді.

Біріктірілген айналмалы ыдыс, асыңыздың біркелкі пісірілуін қамтамасыз етуге арналған, сонымен қатар ол қолайлы және автоматты ерітудің кепілі. Шыны ыдыстан басқа жиынтыққа тағы етті пісіруге арналған гриль торы, эмальданған дөңгелек пісірме табасы және конвекция режимінде пісіруге / пісірулерге, яғни бисквиттен бастап етге дейін әртүрлі тағам даярлауға арналған арнайы пісіру ыдысы да кіреді. Жоғары функцияларға ие түрлері пиццаға арналған қосымша табамен жабдықталады.
Посетите
нас на
Facebook
YouTube
Бөлісу
Facebook
Twitter