МӘЗІР+

Плиталар

WОК конфоркасы

Үш жалынды WOK конфоркасы тағамды санаулы минутта әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл режимде, қарапайым тәсілмен даярлауға қарағанда көкөністер балғын болып қалады және дәрумендері, минералдары және басқа да құнарлы заттары көбірек сақталатындай етіп даярланады.

Реттегіш пен тұтқалардың талғампаз дизайны

Ыңғайлы эргономикалық реттегіштер тағам дайындау процессін толығымен бақылауға мүмкіндік береді. Плита өшіп тұрғанда қосымша қауіпсіздік пен жеңіл тазалау үшін реттегіштер панельдің ішіне қарай кіреді. Сондай-ақ бұл плитаның сыртқы көрінісін жақсартады. Тұмшапештің металл тұтқасы ыңғайлы әрі талғампаз дизайнымен ерекшеленген.

Электроэнергия ма, әлде газ баз? Біріктірілген плиталар

Gorenje плиталарының үлгілік қатары үздік аспаздық нәтижелерге қол жеткізу үшін жасалған. Плиталардың ені 50 және 60 сантиметр. Тамаша ойластырылған құрылымының, басқару тұтқаларын эргономикалық пішінінің және қолданылуы өте оңай электрондық бағдарламалау таймерінің арқасында оларды оңай пайдалануға болады.

Газ немесе шыны керамика бетіндегі электр және газ үйлесімі

Gorenje пісіру алаңдарының кең ассортиментіне сонымен қатар газ конфоркаларымен жабдықталған шыны керамикалық беттер кіреді.Сонымен қатар, модельдік диапазонда газ конфоркасы мен Hilight конфоркаларының үйлесімі бар. Электрика мен газдың осындай керемет үйлесімі тек қана кәсіби деңгейде пісіруді бақылауды ғана емес, сондай-ақ тартымды дизайнымен қамтамасыз етеді және оңай тазаланады.

Қосарлы, үшқабатты және "Үйрек етін пісіру" қыздыру аймақтары.

Сізге ыдыстың дұрыс диаметрін таңдауға, қосарлы және үшқабатты қыздыру аймақтары көмектеседі. "Үйрек етін пісіру" аймағы ірі ет немесе балықты дайындау үшін өте қолайлы. Қыздыру аймағын өзгерту үшін саусақтың ұшымен тигізсеңіз жеткілікті.

Патенттелген Touch Control жүйесі

Нарықтағы жаңа өнім! Gorenje тұмшапештері инновациялық, сенсорлық электрондық таймерлермен жабдықталған. Сенсорлық басқару ас әзірлеу уақытында басқару панелінің дисплейінде көрінетін пісіру уақытын орнатуға және қажетті температураны таңдауға мүмкіндік береді. Дайын болған кезде дыбыстық сигнал шағады. Инновациялық электронды таймердің беті мінсіз тегіс, тазалауды барынша жеңілдетеді.

Көп сатылы тағам дайындау үрдісі

Біздің тұмшапештерімізде бірнеше деңгейде тамақ дайындай аласыз. Жақсы ойластырылып жабдықталған жылы ауа желдету жүйесі әр деңгейдегі тағамды біркелкі пісіруді қамтамасыз етеді және уақыт пен электр қуатын үнемдейді.

WarmPlate - үстел жабдықтауға арналған кәсіби ыдыстар

Жылытылған табақтар тіпті сорпалардан спагеттиге және бұқтырылып пісірілген көкөністерге дейін көптеген тағамдардың дәмі мен хош иісін сақтайды. WarmPlate («Ыдысты ысыту») функциясының арқасында сіздің асханалық ыдыстарыңыз - 30-дан 80 ° C-ге дейін қажетті температураны сақтайды және сіз ыстық тағамдарыңызды ең жақсы мейрамханадағыдай ұсына аласыз!

StayWarm дайындалған астың жылуын сақтайды.

Температураны 30-дан 95 ° C-қа дейін орнату мүмкіндігі тағамдардың қажетті температурасын үш сағатқа дейін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Пісірілген тағамдар өз дәмін сақтап, ыстық болып қалады. Тағамдардың температурасын сақтап қалудың StayWarm («Пісірілген астың темепратурасын сақтау») жаңа функциясының арқасында бір уақытта бірнеше ыстық тамақты дастарғанға әкелу уақытын есептеуге жеңілірек болады. Сондай-ақ, қонақтар кешіккен кезде де сізге көмектеседі. Жаңа Gorenje тұмшапеші - үй шаруасындағы әйелдің таптырмайтын көмекшісі!

OpenView

Тамаша көрініс
Ұлғайтылған тұмшапештеріміздің кейбір үлгілері екі жарықтандыру шамдарымен жабдықталған, олар тұтас шыныланған есікпен бірге әлдеқайда кеңірек көріністі қамтамасыз етеді, сондықтан тұмшапешті ашпай-ақ, тағамның дайындалуын қадағалай аласыз.

3 деңгейде орналасқан толығымен жылжымалы телескоптық бағыттаушылар.

Бірнеше деңгейде қауіпсіз тағам дайындау! Толығымен жылжымалы телескоптық бағыттаушылар үш деңгейдің әрқайсысының табасын немесе торын толығымен жылжытуға мүмкіндік береді. Бұл тағам дайындалуының бақылауын жеңілдетіп, оның күйіп кетуін мейлінше қысқартады.

XXL терең тұмшапеш табасы

Экстра терең табаның кемершелері тұмшапештің қабырғаларына майдың шашырауын және шөгуін болдырмайтын SilverMatte эмалімен қапталған.

Ет дайындауға арналған температуралық зонд

Gorenje тұмшапештерінің ең жақсы модельдері ет пісіруге арналған термозондпен жабдықталған, сондықтан сіз әрқашан еттің дұрыс пісуін және тағамның дайындық дәрежесін тексере аласыз. Термозондты қосып оған етті қадаңыз, ет тағамы дайын болғанда электрондық дисплей сізге оны білдіреді.

Тұмшапештің суық есігі

Gorenje тұмшапештерінде қауіпсіз есіктер орнатылған. Есіктердiң оңтайлы оқшаулауы энергияны төмен тұтыну кезінде жақсы нәтижелер мен тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Іштегі температура қаншалықты ыстық болса да, күйіп қалудан қорықпай есіктерін ұстауға болады.

Тұмшапеш есігінің тұтас шыныдан жасалуы

Барлық Gorenje пештерінің ішкі есіктері жиектеусіз және саңылаусыз тұтас шыныланған.Сондықтан оның арасында қоқыс жиналмайды осылайша тазалау айтарлықтай жеңілдетілген.

DirecTOUCH: Саусақ ұштарымен сезілетін керемет нәтиже

Оңай сенсорлы әрекетпен тұмшапешті қолдану. Үлкен әрі түсінікті таңбалар осы технологияны толықтырып, оның қолданылуын жеңілдетеді.

HomeMADE Тұмшапеші

Тұмшапештің бірегей пішіні отын пешіне ұқсастырылып жасалған және тамаша тағам дайындау нәтижелерін қамтамасыз етеді. Әрқашанда шырынды, қытырлақ қызарған қабықшасымен біркелкі етіп пісіреді!
Сонымен қатар тұмшапештің отын пешіне ұқсастырылып жасалған күмбез тәрізді пішіні тағам дайындаудың керемет нәтижесін беретін қыздыру элементтерінің орналасуын қамтамасыз етеді. Дөңгеленген бүйір қабырғалары мен күмбез тәріздес төбесі арқасында, пештегі ыстық ауаның оңтайлы айналымы мен таралуы жүзеге асырылады және тағам шырынды әрі қытырлақ, ал нан өте жұмсақ, қызарған қабықшасымен бірге біркелкі болып піседі. Көптеген аспаздық сапаға жаңа көзқарас ол Gorenje мамандарының көпжылдық тәжірибесі мен зерттеулерінің және жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастықтың нәтижесі болып табылады. Ежелгі даналықпен белгіленген ерекше нысан!

BigSpace: Кең тұмшапеш

Аспаздық шығармашылық еркіндігі үшін көбірек орын
Gorenje тұмшапештірінің жаңа буынында күмбез тәріздес төбесі алдыңғы жоғарғы қабырғасының артында орналасқандықтан қосымша көлем беріп ауаның еркін айналуына мүмкіндік береді.Gorenje тұмшапешінде 67 литр пайдалы мөлшерімен жеті килограмдық күркетауықты да оңай пісіруге болады.

FastPreheat: 6 минут ішінде 200°С

Нарықтық зерттеулер көрсеткіші бойынша тұмшапештің жылдам алдын-ала қыздырылуы тұтынушы үшін ең маңызды параметрлердің бірі болып табылады. Арнайы күмбез тәріздес пішіні мен бірнеше қыздырғыш элементтерінің бір уақытта жұмыс істеуіне байланысты тұмшапеш не бәрі 6 минут ішінде 200 ° C температурасына дейін қызады. Қыздыру кезінде кем дегенде 30% уақыт үнемдеу, пицца, бисквит және тұмшапешті алдын ала қыздыруды талап ететін басқа да тағамдарды бұрынғыға қарағанда жылдамырақ пісуін қамтамасыз етеді. Дыбыс және жарық сигналдары тұмшапештің қажетті температураға дейін қызғандығын білдіреді.

PerfectGrill біркелкі пісіру

Тұмшапештің сәл көтерілген төбесі үлкен жоғарғы қыздыру элементін және инфрақызыл жылытқышты жасырады, ал олардың әр түрлі биіктікте орналасуы тағамдардың біркелкі пісуін қамтамасыз етеді. Кейбір үлгілерде жоғарғы қыздыру элементтері ары қарай жылжи алатындығы үшін тазалауды жеңілдетеді!

DynamiCooling арқасында тұмшапештің сыртқы беті суық болады

Тағамды пісіру (DC) кезінде және аяқталғаннан кейін (DC +) тиімді салқындату жүйесі тұмшапештің жұмысы кезінде сыртқы қабырғаларының суық болып қалуын қамтамасыз етеді. Арнайы желдеткіш сырттан суық ауаны алып, оны пештің ыстық ауасымен араластырады.Салқындатылған қоспа құрылғының сыртқы беттерін қыздыруға жол бермей басқару панелінің астынан және корпусындағы саңылаулар арқылы сыртқа шығарылады. Пісіру процесі аяқталғаннан кейін температуралық сенсор тұмшапештің температурасы 80 ° C дейін төмендегенше желдеткіштің жұмысын ұзартады (DC +). Бұл тұмшапештің сыртқы қабырғалар мен қақпаларының қызып кетуіне жол бермей, DynamiCooling жүйесі күйіп қалу қаупін толығымен жоққа шығарады.

EasyClean панельдерінің көмегімен оңай тазалау

Артқы қабырғадағы EasyClean салмалы бүйір панельдері мен каталитикалық панель тұмшапеш тазалануын жеңілдету үшін арнайы жасалған. Бүйір панельдері жылы сумен оңай тазаланатын EcoClean эмальмен қапталған. Немесе панельдерді шығарып, оларды ыдыс жуатын машинада тазаласаңыз болады!

Профи гриль

Тұмшапеште ет пен балық тағамдарын дайындау үшін өте қолайлы. Ерекше қорытпаның арқасында профи - гриль тез қызады және пісіріліп жатқан еттің тесіктерін тез арада жабады, осылайша шырынының ағып кетуін жояды, сондықтан тағам шырынды әрі хош иісті болып піседі.

Шыңдалған шыныдан жасалған таба

Жоғары сапалы шыныдан жасалған таба сізге күнделікті пісіруді, сондай-ақ мерекелік кешкі ас үстелін сәндеу мүмкіндігін береді. Мөлдір шыны пісіру процесін үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Пиццаға арналған тас

Дәмді итальяндық пиццаны үйде дайындауға болады - ол нағыз пештен шыққан секілді, жұқа, хош иісті, қытырлақ қабықшасы бар болып шығады! Тұмшапеште тасты қыздырып алып оның үстіне салмасы бар қамырды қойыңыз содан кейін тұмшапешке салыңыз. Тастың беті тегіс болғандықтан оны тазалау айтарлықтай жеңіл.
Посетите
нас на
Facebook
YouTube
Бөлісу
Facebook
Twitter