МӘЗІР+

Пісіру алаңы

NoLimits индукциялық пісіру алаңы

Шексіз аспаздық!
Егер сіз қыздыру алаңының көлеміне қарай ыдыс таңдаудан шаршаған болсаңыз, Gorenje ұсынған жаңа индукциялық ас әзірлеу алаңы нағыз сіз іздеген зат! Инновациялық ыдыс тану датчигінің қолданылуы, әзірлеуге арналған кеңістікті ең ұтымды етіп қолдануға мүмкіндік береді. Ас әзірлеу алаңының 4 индукциялық қыздыру аймағы бар, олар ішінде "Р" әрпі көрсетілген шағын дөңлектермен белгіленген. Бұл аспаптың тағы бір ерекше артықшылығы, оның әрбір әзірлеу аймағының сенсорлы басқарудың жеке модулімен жабдықталғандығында.

SuperPower: тез әзірлеу, дәмді тағамдар!

Gorenje SuperPower қуатты индукциялық ас әзірлеу алаңдарының жаңа буыны сізге нағыз қажетті жұмысты орындайды: денсаулыққа пайдалы әрі дәмді тағамды жылдам әзірлеуіңізге көмектеседі.
SuperBoost функциясы өте жылдам және аса қуаттырақ жұмыс жасауға арналған, яғни уақыт пен энергияны үнемдеу үшін әлдеқайда жылдамырақ және тиімдірек даярлауға септігін тигізеді

Барлық SuperPower ас әзірлеу алаңдарында AllBoost функциясы бар және ол тек қана еуропалық (Германия) өндірістің жоғары сападағы қуатты құрамдас бөліктерін қамтамасыз етеді. Бұл PowerBoost функциясын төрт қыздыру аймағының әрқайсысында жеке-жеке немесе барлығын бір уақытта қосуға болады дегенді білдіреді.

Функция PowerBoost - қосымша қуатпен ас әзірлеу

Қыздыру аймақтарының тез ысыну функциясы әзірлеу аймағының қуатын әлдеқайта арттырады - шамамен 25%-ға.

AllBoost - барлық қыздыру аймағының бір уақытта супер қуатпен жұмыс істеуі

Барлық SuperPower әзірлеу аймақтары, барлық қыздыру аймақтарында бір уақытта PowerBoost функциясын қосу мүмкіндігін береді, бұған қоса қажеттілік туындағанда қыздыру аймақтарының бірінде SuperBoost функциясын қосуға болады. Бұл қуатты едәуір арттырады және уақытты үнемдейді!

Супер үнемдеу

Индукция - бұл ас әзірлеудегі ең үнемді тәсіл. Мықты өнімділігі арқасында ол сіздің уақытыңызды, энергияңызды және ақшаңызды үнемдейді!

Индукциялық әзірлеу алаңдары - тағам даярлаудағы анағұрлым тиімді тәсіл болып табылады және ол газбен әзірлеу алаңдары мен барлық электрмен әзірлеу алаңдарынан әлдеқайда асып түседі. Жоғары деңгейдегі өнімділігі арқылы индукциялық ас әзірлеу беттері көбінесе ас әзірлеудегі ең арзан тәсіл болып табылады (газ бен электр энергиясы бағасына байланысты).

Супер тиімді

Индукция - бұл ас әзірлеудегі ең тиімді тәсіл. Ол энергияны аз тұтыну арқылы жылдам жұмыс атқаруға көмек береді, демек бұл жерде шығын аз болады!

2 литр суды қайнауға дейін жекізу үшін (15 ° C -тан 90 ° C-қа дейін) газбен әзірлеу алаңы 0,37 кВт қуат жұмсайды, ал SuperPower индукциялық беті небәрі 0,21 кВт қуатты қажет етеді. Осылайша, бірдей нәтижеге қол жеткізу үшін SuperPower индукциялық әзірлеу бетімен салыстырғанда, газбен жұмыс істеу алаңы энергияны 75%-ға артығырақ жұмсайды!

Сонымен қатар индукция кәстрөл қыздыру алаңына қойылған сәттен бастап сіз қалаған температураны қамтамасыз етуге кепілдік береді, ал кәстрөлді қыздыру алаңынан түсірген кезде жұмыс тоқтатылады. Яғни энергия босқа жұмсалмайды!

Супер быстрая

Индукция - бұл ас әзірлеудегі ең жылдам тәсіл. 2 литр суды 15 ° C -тан 90 ° C-қа дейін қыздыруға дейін жекізу үшін қажетті уақытты мысал ретінде алып қарайық (қайнау нүктесі, мин.):

• HiLight әзірлеу алаңы, SuperPower индукциялық алаңымен салыстырғанда суды қыздыруға кетірген уақыты 40%-ға ұзағырақ
• Газбен әзірлеу алаңының, SuperPower индукциялық алаңымен салыстырғанда суды қыздыруға кетірген уақыты 20%-ға ұзағырақ

Сенсорлы басқару жүйесімен барлығы оңай

Қолайлы және эргономикалық сенсорлы басқару жүйесі, ас әзірлеу процесін жылдам әрі нақты күйге келтіруді, сонымен қатар барлық қосымша функцияларға оңай қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

100% БЕЛСЕНДІ САҚТАЛУ

Тамаша жаңалық: IQsteam режимімен бумен пісіру - бұл өнімдерді өңдеудің салауатты тәсілі, бай табиғи дәмді, иіс пен тағамның құрылымын сақтайды. Көкөністер құнарлы және хош иісті болып қалады.
1 кг көкөніс дайындау үшін 300 мл су жеткілікті
100% хош иісті!

Slider Touch басқару

Біз электрлі әзірлеу алаңдарын, жылдам сырғыта отырып тез әрі максималды дәлдікпен конфорканы қыздыру температурасы мен таймер уақытын құруға мүмкіндік беретін байыпты басқару сенсоры көмегімен басқаруды ұсынамыз. Таңдаған жердегі сенсорды басыңыз, сол кезде электроника автоматты түрде сіз қолыңызды тигізген жерге сай қуатты береді.

StopGo: асты қауіпсіз әзірлеуге арналған функция

StopGo функциясы бір сәтте барлық конфоркаларды қосады, сонымен қатар ол барлық бұрын келтірілген күйін сақтап қалады; ас әзірлеу процесін қайтадан жалғастыру үшін тиісті белгіні қайта бассаңыз жеткілікті. StopGo функциясы тағам қайнап-тасыған кезде қажет болады, яғни ол конфоркаларды сөндіреді, сіз оны сүртіп болған соң ол қайта жұмысын жалғастырады. StopGo функциясы арқылы ас әзірлеу процесі тіпті оны кейбір себептерге қатысты бөліп жіберсе де, әрдайым сіздің қадағалауыңызда болады.

Газ-бақылау

Егер қандай да бір себептерге байланысты газ жанарғысы сөніп қалса, газ-бақылау жүйесі арқылы жанарғыға газ жіберілу сол сәтте тоқтатылады. Бұдан былай ас үйде газ шоғырлану қаупі жоқ!

Таймер

Егер сіз тәжірибеңізге қарай, тағамды қанша уақыт даярлау екендігін алдын-ала білсеңіз, 99 минутқа дейінгі уақытқа қоюға болатын таймерді қоссаңыз болады. Тағам дайын болған кезде панель автоматты түрде сөнеді де, дыбыс белгісі беріледі.

IQ sensor датчиктері технологиясы

Ас әзірлеудегі жаңа өлшем
IQ sensor инновациялық датчиктердің технологиясы арқылы, Iqcook индукциялық ас әзірлеу алаңдары, энергия оңтайлы түрде тұтынумен қоса мүлдем қауіпсіз және бақылаудағы жұмыс жасалуына кепілдік береді
БҰЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Бетінде бес алдын ала құрылған жұмыс режимдері бар. Өзіңізге қажетті жұмыс режимін таңдаған соң, кәстрөл қақпағында орналасқан датчиктерді жай ғана қолыңызды тигізу арқылы іске қосыңыз.

Пісіру алаңы мен қақпаққа орналастырылған IQ sensor датчиктерінің жұмысы - кәстрөлдегі әзірлеу процесін бақылайды, ал ол пісіру алыңының электронды сызбасы арқылы қадағаланады. Зияткерлік технология автоматты тұрғыда жұмыс жасауды қамтамасыз етеді және толықтай әзірлеу процесінің үнемі қадағалануының орнын алмастырады. Температурасын реттей отырып IQcook әзірлеу алаңы оған қоса электр энергиясын тұтынуды да оңтайландырады, яғни шығындарды 40% -ға дейін үнемдейді!

IQ sensor датчиктері пісіру алаңының әрбір әзірлеу аймағына орналастырылған, ал бұл барлық төрт аймақта бір уақытта IQcook керемет функциясын қолдануға мүмкіндік береді. Егер Сіз ас әзірлеу процесінде кездейсоқ қақпақтарды алмастырып алсаңыз, IQ sensor технологиясы мұны байқап қояды және ол жайынды дыбыс белгісін береді. Ал даярлау процесі ешбір тоқтаусыз жалғасады.

SmartSense патенттелген қауіпсіздік функциясы тасып кетудің және тағамның күйіп кетуінің алдын алады: егер кәстрөлде сұйықтық қалмаса ол автоматты түрде әзірлеу алаңын сөндіреді.

Iqcook жоғары сыныптық индукциялық пісіру алаңын басқа да индукциялық пісіру алаңдары секілді қарапйым түрде де қолдануға болады.

Iqboil режимі

КӨП МӨЛШЕРДЕГІ СУМЕН ӘЗІРЛЕУ
Бұл режим көп мөлшерде су қолдануды қажет ететін тағамдарды даярлауда қолданылады, мысалы, сорпалар немесе макароннан жасалған тағамдарда қолдануға болады. Алдын ала құрылған режим кәстрөлді қайнау деңгейіне жеткізеді, сонан соң қақпағындағы IQ sensor датчиктерімен бірлесе отырып, қайнау температурасын бірқалыпты сақтайды. Шамалы, орташа немесе қатты қайнату түрін таңдаңыз.
100% дәмді!

IQfry режимі

ҚУЫРУ
Алдын ала құрылған, көп мөлшерде сұйық май қолдана отырып қуыру режимі. Бәліштер мен фри картобын, майға қуырылған картоптарды даярлауға арналған.
100% қытырлақ!

IQgrill режимі

ГРИЛЬДЕ ДАЯРЛАУ
Алдын ала құрылған және ыңғайлы болып табылатын грильде даярлау режимі сіздің таңдауыңызға үш деңгейдегі әзірлеуді ұсынады (қаныменен қуыру, орташа қуыру, әбден қуыру). Бұл режим стейктерді, әбден қуырылған тағам түрлерін, картоп, балық, омлет, құймақ даярлауға арналған, себебі ол біркелкі тамаша пісіуін және тағамның дәмділігін сақтап қалуын қамтамасыз етеді.
100% дәмі тіл үйірер!

IQpro режимі

БҰҚТЫРУ
Бұл режим ұзақ уақыт бойы пісуі қажет тағамдарды даярлауға арналған: яғни баяу қыздыру арқылы аз ғана отта қайната пісіруді білдіреді. Бұл гуляш, суфле, пудинг және палента секілді тағамдарды даярлауға арналған режим. Сондай-ақ ол дайын тағамдарды да ысытуға жарайды.
100% хош иісті!

100% АС ӘЗІРЛЕУДІ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚАДАҒАЛАУ

IQ SENSORS ДАТЧИКТЕРІН ҚОЛДАНУ
Тексерістен өткен және сенімді болып табылатын IQsensors датчиктері пісіру алаңын автоматты түрде қадағалауды жүзеге асырады, яғни үнемі бақылап отырудың қажеті жоқ. Ыдыстың қақпағына орнатылған IQ sensor датчиктері, кәстрөлдегі әзірлену барысын қадағалайды және қыздыру аймағына орнатылған датчиктермен бірлесе отырып автоматты түрде температурасы мен алаңның жұмыс қуатын реттеп тұрады.
IQ sensors датчиктерімен бірге пісіру алаңының автоматты түрде жұмыс істеуі!
100% дәмді!

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН 40%-ҒА ҮНЕМДЕЙДІ

ТОЛЫҚ ОҢТАЙЛАНҒАН ПАРАМЕТРЛЕРІМЕН
IQcook пісіру алаңы температураны бүкіл әзірлеу барысында оңтайландырып тұрады, яғни бұл арқылы энергияны едәуір дәрежеде үнемдейді.
Әзірлеудің барлық параметрлерінің толық оңтайландырылуы!
40%-ға дейін үнемдеңіз!

Функция XpandZone

XtremePower индукциялық пісіру алаңдарының кейбір үлгілерінде екі жеке қыздыру аймағын бір үлкен қыздыру аймағына біріктіруге болады. Осылайша пісіру алаңын сіздің ыдысыңыздың үлкендігіне қарай икемдеуге болады, ал ұлғайтылған және біріктірлген қыздыру аймағы индукциялық қыздырудың артықшылықтары мен барлық кеңістікті толықтай пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен, конфоркаларды тәуелсіз түрде немесе біріктіре отырып қолдануға болады, мысалы ірі көлемді жұмыр кәстрөл үшін (үйрек пісіргенде). PowerBoost функциясы арқылы бұл қыздыру аймақтарында одан әрі тезірек әзірлеуге болады!

БУМЕН ПІСІРУ

Iqsteam көмегімен буда пісіру
Тағамды буда пісіру - өнімді пайдалы түрде өңдеу дегенді білдіреді және бұл тәсіл өнімде құнарлы заттар мен дәрумендердің сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл режимде ас әзірлеу үшін өте аз су қажет. Нәтижесінде тағам суға әбден пісіп кетпейді, өзінің табиғи түсін, дәмін және татымдығын сақтайды. Алдын ала құрылған режим әзірлеу барысын қадағалайды және оның біркелкі болуын қамтамасыз етеді.

100% хош иісті

Алдын ала құрылған әзірлеу режимі

Gorenje -нің қызықты жаңалығы - алдын ала құрылған әзірлеу режимі, оны қолмен ретке келтіріп отыруға болады. Бес түрлі режимі автоматты түрде кең ауқымды тағам әзірлеуге мүмкіндік береді. Тағы бір жаңалық - бумен пісіру, бұл режимде өнімдегі құнарлы заттар мен дәрумендер сақталады, сонымен қатар тамаша табиғи дәмі болады.

Алдын ала құрылған 5 әзірлеу режимінің бірін таңдаңыз.

Алдын ала құрылған, қақпағымен бірге даярлаудың үш режимі
- IQsteam: бумен пісіру
- IQboil: көп мөлшерде сумен даярлау
- IQpro: бұқтыру

Алдын ала құрылған екі қуыру режимі:
- IQfry: қуыру
- IQgrill: грильде қуыру

100% БЕЛСЕНДІ САҚТАЛУ

Тамаша жаңалық: IQsteam режимімен бумен пісіру - бұл өнімдерді өңдеудің салауатты тәсілі, бай табиғи дәмді, иіс пен тағамның құрылымын сақтайды. Көкөністер құнарлы және хош иісті болып қалады.
1 кг көкөніс дайындау үшін 300 мл су жеткілікті
100% хош иісті!

SmartControl Жеңіл басқару

XtremePower индукциялық пісіру алаңдарының артықшылықтарының бірі қызыдру аймақтарының дәл және ыңғайлы бақылауы болып табылады. Әрбір қыздыру аймағында өзінің жеке модулі және сенсорлық бағдарламаланатын таймер бар. Сондықтан, тағам дайындау кезінде əрбір аймақ үшін дербес белгіленуі мүмкін жəне бағдарламаланатын таймер белгіленген уақыт аяқталған кезде аймақты өшіріп, дыбыстық сигнал шығарады. Сіз тоғыз қуат деңгейінен біреуін таңдай аласыз, ал заманауи түсінікті белгілері басқаруды жеңілдетеді. Пісіру алаңының қарапайым және түсінікті жұмыс істейтіндігіне кепілдік береміз!

SuperSilent Тыныш жұмыс

Gorenje XtremePower индукциялық пісіру алаңдары тіпті бір мезгілде барлық төрт қыздыру аймағын толық қуатта қоссаңыз да тыныш жұмыс істейді! Индукциялық катушкалар арасындағы интеллектуалды ауыстыру және соңғы компоненттерді пайдалану индукциялық пісіру аймақтарының шу деңгейін азайтады.

SoftMelt және StayWarm функциясы

Бұл жаңа функциялар тамақты дайындауға, қызып кетудің алдын алуға және энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді. SoftMelt функциясымен жылу аймағы 42 ° C тұрақты температураны сақтайды, шоколадты және майды ерітуге арналған.Бұл функция мұздатылған дайын тағамдарды және мұздатылған көкөністердің бір бөлігін ерітуге де жарайды. StayWarm функциясы дайын тағамдардың қолайлы 70 ° C температурасын ұстап тұруға арналған. Сіздің аспаздық шеберлеріңіз дәмі мен хош иісін сақтайды. Бұл сіздің мүмкіндіктеріңізді кеңейтеді!

Үйрек етін пісіру үшін сопақша конфорка

XtremePower индукциялық пісіру алаңдары жылыту аймағын қолайлы пайдалану үшін ыдысты тану датчигімен жабдықталған.Модельдердің кең ауқымы арасында арнайы сопақ конфоркасы бар пісіру алаңы, әсіресе сопақ пішіндегі ыдыстарда ет пен балықтың үлкен бөліктерінен тағам дайындау үшін қолайлы.

ExtraSpace: көбірек орын

XtremePower индукциялық пісіру алаңдары көбірек орын ұсынады. Бұл кәстрөлдер мен табаларды орналастыруды жеңілдетеді, сондай-ақ пісіру процесін бақылауды қаматамассыз етеді. Конфоркалардың ыңғайлы орналасуы мен алаңның үлкейуінің арқасында, барлық төрт қыздыру аймақтары бір уақытта қолданылатын болса да, әрдайым жеткілікті орынға ие боласыз. Жаңа алаңдардың бірнеше ені бар: 77 см, 90 см және 110 см кең пісіру алаңы өте ыңғайлы пісірудің кепілі.

Шексіз гастрономиялық ләззаттардың тамаша үйлесімі

Тамаша үйлесім тіпті тағамдардың дәмін де, оларды дайындау жылдамдығын бағалайтын кәсіпқой мамандарды да таң қалдырады.Бұл пісіру алаңы екі газ конфоркаларын Powerboost функциясы бар екі индукциялық қыздыру аймақтарымен үйлестірілген.
Газ конфоркасы бір қолмен қыздырғыштың жануын және жоғары дәлдіктегі бақылауды ұсынады. Жылдам қыздыру Powerboost функциясы арқылы индукциялық жылу аймағы тиімдірек болады және уақыт пен ақшаны үнемдейді.

«Домино» пісіру алаңы - жеке алаңды жасау мүмкіндігі

Сіздің талғамыңыз бойынша жобаланған стильді пісіру алаңдары Сізге пісіру орнын таңдауға мүмкіндік береді: Hi-Light жылытқыштарымен немесе индукциялық қыздырғыштары бар шыны керамика немесе WOK конфоркасымен бірге екі газ қыздырғышы бар пісіру алаңдары.

Шыны керамика бетінде электр және газ қисындастыруы

Gorenje пісіру алаңдарының кең ассортиментіне сонымен қатар газ конфоркалырымен жабдықталған шыны керамикалық алаңдар кіреді.Бұдан басқа, модельдік топтамаларында газ плиталары мен Hilight конфоркалырын біріктірген алаңдар да бар. Газ бен электриканың осындай тамаша үйлесімі тағам дайындауды кәсіби деңгейде бақылауды ғана емес, сондай-ақ тартымды дизайны мен тазалау жеңілдігін қаматамасыз етеді.

Блокировка от детей

Функция "Блокировка от детей" предотвращает доступ детей и изменение выбранных параметров, что также обеспечивает защиту от случайного включения работы варочной поверхности.

BoilControl: қайнап тасып кетуге жол бермейді

BoilControl жүйесі ең жоғарғы дәрежедегі қуат таңдалған болса, максималды температураға тез қол жеткізі үшін, автоматты түрде конфоркалардың қыздыру қуатын арттырады. Макисмалды қуатқа жеткен соң, конфорка температурасы автоматты түрде азайтылады және тасып кету мен күйіп кетуге жол бермеу үшін қалауыңыздағы деңгейдегі қалыпта тұрады. Бұл ыңғайлы функцияны кез-келген уақытта қосуға немесе өшіруге болады.

Қосарлы, үшқабатты және "Үйрек етін пісіру" қыздыру аймақтары.

Сізге ыдыстың дұрыс диаметрін таңдауға, қосарлы және үшқабатты қыздыру аймақтары көмектеседі. "Үйрек етін пісіру" аймағы ірі ет немесе балықты дайындау үшін өте қолайлы. Қыздыру аймағын өзгерту үшін саусақтың ұшымен тигізсеңіз жеткілікті.

Оңай тазарту

Индукциялық панельдерде ыдыс астындағы аймақ қана ысытылады, сондықтан егер тағам тасып кеткен болса пісіру алаңын тазалау еш қиынға соқпайды, себебі тасыған зат күйіп жабысып қалмайды. Егер бір зат төгіліп кетсе сулы шүберекпен сүртіңіз де, артынан құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Посетите
нас на
Facebook
YouTube
Бөлісу
Facebook
Twitter