Қызыңыздың туған күніне жүрек пішіндес торт жасаңыз

Біз блогымызға жүрек пішіндес тортты небәрі үш қадам жасау арқылы қалай даярлау керек екені жайлы пост жаздық. Мысалы, сіздің қызыңыз туған күніне жүрек пішіндес торт жасауыңызды өтінді, алайды сізде оны пісіру үшін қажетті қалып жоқ делік. Мұндай жағдайда тек қана импровизация жасау керек. Қиялыңызды іске қоссаңыз болғаны, сіз төртбұрыш және дөңгелек қалыптарды қолдана отырып керемет торт пісіре аласыз.  Тез арада жүрек пішіндес торт әзірлеу үшін, төменде көрсетілген 3 қадамды жасаңыз. 

1-ші қадам

Дөңгелек және төртбұрыш бисквит пісіріп алыңыз. Торт әдемі шығуы үшін, олардың биіктіктері бірдей болуы қажет. Бисквиттер дайын болған кезде, оларды толығымен суытыңыз, сонан соң қалыбынан шығарыңыз. 

2-ші қадам

Дөңгелек бисквитті мұқият түрде екі жарты дөңгелек етіп бөліңіз. Иірімді тістері бар нанға арналған пышақты қолданыңыз және екі бөліктің бірдей болуын қадағалаңыз. 

3-ші қадам

Осы екі жарты дөңгелек бисквиттерді, суретте көрсетілгендей етіп, төртбұрышты бисквиттың көршілес қос жағына қойыңыз.

Бисквиттердің қосылған жерлерін жабу үшін тортты креммен сәндеңіз, соңында сіз мінсіз жүрек пішінін шығарасыз. Кез-келген крем немесе жылтыр сыламаны қолдануға болады. Қызыңызға арнап шынымен де әдемі және көз тартарлықтай керемет торт дайындауға кеңес береміз. 

Асыңыз дәмді болсын!

Біз өмірді жеңілдетеміз. Сіз өмірді кемелдендіресіз.

Gorenje HomeMade-тің жаңа плиталары арқылы түрлі тағамдарды, отын пешінде әзірленген дәмді тағам тәрізді оп-оңай әзірлей аласыз және таңдаулы тағамдарыңызбен жақындарыңыз бен достарыңызды таңқалдыра аласыз.

Тағам әзірлеудегі қиялыңызды орындауға көмек беретін, жеңіл басқарылатын, қолдануға өте ыңғайлы әрі сенімді плиталар жайлы көбірек мәлімет алыңыз.


Посетите
нас на
Facebook
YouTube
Бөлісу
Facebook
Twitter