ас үйді түрлендіру: өз интерьеріңе драйв қос!

Aс үй, ережеге сай, әрбір үйдің ішіндегі ең болжануы оңай орын, алайда бұлай болмауы тиіс. Себебі, бұл жер үйдің ең маңызды орталық бөлігі және мұнда түрлі есте қаларлық сәттер сақталады. Уақытымыздың көбірек бөлігін осы ас үйде өткізетіндігімізден, бұл жер бізге тек қана тұрмыстық жайлылықты ғана емес, сонымен қатар біздің ішкі стиліміздің көрінісін бейнелеуі қажет. Дара сипатқа ие ас үйді құру тек қана сол бөлменің бірегейлігін ғана емес, түгелдей үйге белгілі бір сипат беріп тұрады. 

Заманауи ретро: 50–60-шы жылдардағы кезеңнің шабыты сіздің ас үйіңізде 

Егер сіз ас үйіңіздің дизайнына жаңарту енгізгіңіз келсе және көмескі түстегі қалыпты классикалық шеңберден шыққыңыз келсе, ретро-стильмен эксперимент жасап көріңіз. 50–60-шы жылдардағы кезеңнен шабыт алған  ретро стильдегі интрьерлер бөлмеге бірегейлік пен ерекше бір әсемдік сыйлайды, сондай-ақ олар интерьер дизайнында қайтадан сәнді және танымал бағытқа айналады. Дегенмен де, көзтартарлық өнектер мен ерекше түстерге ие ретро стилі, әрине барлығының ойынан шыға қоймайтыны анық. Егер сіз барлығы дерлік ретро стильде жасалғанын қаламасаңыз, онда ас үйіңіздің интерьеріне тек осы стильге тән көркемдіктен азғана қосуыңызға болады - таңдау өз еркіңізде. 


Төмендегі кеңестерді оқыңыз да, ас үйіңізде аңызға айналған XX ғасырдың орта кезеңіне тән ретро көркемдікті қалай жаңадан жасау керек екендігін біліңіз. 


1. Түстердің үйлесімділігі 

№1 ереже: эксперимент жасаудан тартынбаңыз! Түс — кез-келген бөлменің негізгі екпіні болып табылады, сондықтан ретро стилінен шабыт алған сіздің ас үйіңізге қай түстердің көбірек сай келетінін мұқият талдап шығыңыз. Ақ және қара түстерді үйлестіріп көріңіз, көгілдір  және сарғыш түстер секілді көмескі жұмсақ түстерді қолданып көріңіз, сондай-ақ қызыл, авокадо түсі, қызғылт-сары, қыша-сары, көгілдір ақық, айқын алқызыл және сұр секілді батыл түстерден де қорықпаңыз.   

2. Көзтартарлық өрнектер

Қарапайым қайталанатын геометриялық пішіндер және ас үй құралдары, жануарлар мен жемістер секілді мотивтер айқын түстермен, кейде қарама-қарсы түстермен үйлескенде аты аңызға айналған ретро стильдің бейнесін жандандырады. ас үйіңізді әрлеу барысында қабырғаға аздап сол стильдің элементін қосу немесе плитка, жастықтар, дастархан немесе жарықтандыру элементтері тәрізді декор бұйымдары арқылы интерьерге ретро стилінен біршама қосыңыз. 


3. Графикалық элементтер мен өнер туындысы 

Поп-арт стиліндегі қарапайым, бірақ көзтартарлық картина немесе сурет я болмаса өнер туындысы - заманауи интерьерге біршама әсемдік беретін керемет әдіс. Егер бір қарағанда драматикалық тартымдылық болсын десеңіз үлкен артобъект таңдаңыз. 

4. Ретро-техниканың заманауи модельдері

Ас үй әрі әдемі әрі функционалды болуы тиіс. Сондықтан оны жаңаша технологиялармен және ретро-дизайнымен ерекшеленетін ретро-техниканың заманауи модельдерімен жабдықтаңыз.  Ретро стиліндегі флагмандық модельдерді таңдай отырып, сіздің ас үйіңізге бірегей ретро-көркемдік беретін айқын түстер мен жұмыр жиектерді таңдағаныңыз жөн.                
5. Ретро-дизайнның аңызға айналған модельдері

XX ғасырдың орта кезеңіне үлкен құрмет көрсете отырып, ас үйіңіздің ретро стиліндегі интерьеріне аңызға айналған дизайнерлік заттарды қоса отырып оны жаңа бір деңгейге шағырыңыз. Винтажды шам арқылы ерекшелік беріңіз немесе өте стильді ретро-тоңазытқыш пен 50-ші жылдары жол бойында орналасқан кафе-дәмханалрда болатын бар орындықтарын қолдану арқылы өткенге оралыңыз. Бұдан да батылырақ шешімдер қабылдауға дайынсыз ба? Онда жылт-жылт еткен неонды белгілерді қосыңыз!  

Gorenje Retro Special Edition тоңазытқыштары арқылы интерьеріңізге ретро әсемдік сыйлаңыз

Gorenje Retro Special Edition тоңазытқышы, 50-ші жылдардағы көпке танымал болған және «Bulli» деген атқа лайық болған Volkswagen T1 үлгісінде жасалынған, сондықтан өзінің жұмсақ-көк және қою қызыл түстері мен тегіс жұмырланған жиектері арқылы сол онжылдықтың атмосферасын береді. Ол сіздің интерьеріңізге тек қана ретро сарынын ғана қоспайды, сондай-ақ өзінің қолайлылығы мен жаңаша технологиялары арқылы сіздің жүрегіңізді жаулайды, өйткені ас үйде одан артық көмекші таба алмайсыз.   


Посетите
нас на
Facebook
YouTube
Бөлісу
Facebook
Twitter