Төменгі себеттің бірегей дизайны ыдыс жуатын машина кеңістігінің жоғары бейімділігін қамтамасыз етеді.Тәрелке ұстағыштар бүктеле алатындығынан, бұл әртүрлі өлшемдегі кастрөлдер мен табаларға арналған кеңістікті босатады. Асхана құралдарына арналған себетіндегі арнайы ойықтың арқасында, оны төменгі себеттегі кеңістіктегі қажеттіліктерге сәйкес жылжытуға болады. Конструкциясының ыңғайлы ерекшеліктері ыдыс жуатын машинаның сыйымдылығын 13 стандартты ыдыс-аяқ жиынтығына дейін арттырады!
XXL көлем
Кірді ыдыстар үшін көбірек орын
86 см биіктігіндегі кірістірілетін ыдыс жуатын машина -ас үйі үшін жақсы таңдау, оның жұмысшы беті ұзын бойлы адамдарға арналған. Бұл ыдыс жуатын машина стандартты үлгілерден 4 сантиметрге биік болғандықтан жұмыс камерасындағы қосымша кеңістікті қамтамасыз етеді.
Twist жуу жүйесі
Жуу камерасының әрбір бұрышындағы таза ыдыс-аяқ.
Ені 45 сантиметрді құрайтын басқа ыдыс жуатын машиналарға қарағанда Gorenje машинасында алдыңғы мен артқы бөлімдерінде күйентелердің толық жұмыс жасауы қамтамасыз етілген. Инновациялық конструкциясы күйентенің өз білігінде ғана айналуына емес, сондай-ақ, алға қарай әрі артқа қарай жылжуына мүмкіндік береді. Осының арқасында су бактың барлық бұрыштарына жетіп жуудың мәнсіз нәтижесін береді. Бұл жүйе ыдыстардың мінсіз тазалығы және су мен аз электр қуатын мөлшерде қолданудың кепілдігін береді.
SmartLook
Ас үйі интерьеріне толық сәйкес келуі
Ыдыс жуатын машинаның орнатуын жеңілдетіп оның төменгі сыртқы көрінісін жақсарту үшін, машиналар арнайы тосалармен жабдықталған. Сондықтан ыдыс жуатын машинаның қақпасы алдымен алдына қарай жылжып содан кейін толығымен ашылады. Бұл шешім ыдыс жуатын машинаны орнатуды жеңілдетеді, өйткені ас үйдің астыңғы жағында тесік жасауға қажеті жоқ.
SpeedWash функциясы
Ыдыстарды екі есе тезірек тазартады
Орташа ластанған ыдыстар үшін бағдарлама уақытын SpeedWash (Жылдам жуу) түймешесіне басып екі есеге азайтуға болады. Бұл функцияның көмегімен машина автоматты түрде жууға арналған судың температурасы мен мөлшерін реттеп, ыдыстарды қысқа мерзімде кұрғауына және мінсіз тазалануына мүмкіндік береді.
QuickIntensive - жылдам қарқынды бағдарлама
Қарқынды бағдарлама жуу циклының барлық кезеңдерін оңтайландырады, бағдарламаның жалпы ұзақтығын едәуір азайтады. Тіпті ыдыс жуатын машинасының толық жүктемесімен қалаған нәтижеге жетесіз. Ыдыстар тез арада өте жақсы жуылып шығады.
Жоғары сапалы ыдыс жуатын машиналар энергия қуатын аз мөлшерде қолданғандықтан үнемді. Жоғарғы модельдері A класты жабдықтармен салыстырғанда электр қуатын тұтынудың 25% -ға төмендеуіне кепілдік беретін А-10% класына жатады.
Сүзгілердің өзін-өзі тазартуы
Автоматты жүйе сүзгілердің бітелуін болдырмайды ал арнайы шаю жүйесі олардың жұмысында ақаулықтарын алдын алады.
«Гигиена» бағдарламасы
Балалардың бөтелкелері әрдайым таза
Қосымша суық сумен шаю кезеңінен кейін, машина ыдыстарды 70 ° C температурада жуады, бұл бактериялардың 99,9% -ның өлуін және стерилизациялау әсерін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде ыдыстардың толық гигиенасына қол жеткізіледі. Бұл функция кішкентай балалары бар отбасыларға, олардың ыдыстарының тазалығын қамтамасыз ету үшін арнайы жасалған.
Арнайы оқшаулау, ерекше мотор қосылымы және инновациялық жуу жүйелері Gorenje ыдыс жуатын машиналарының өте тыныш жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді. Ең тыныш модельді пайдалану кезінде шу деңгейі тек 45 дБ дейін жетеді.
Жұмыс басталуын кейінге қалдыру
Таза ыдыс-аяқ және электр қуатын үнемдеу
Gorenje ыдыс жуатын машиналары жұмыс істеу басталуын 24 сағатқа кейін қалдыруға мүмкіндік береді. Бұл электр энергиясының түнгі тарифтерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Суды үнемдеу
Суды үнемдейді
Gorenje ыдыс жуатын машиналары басқа машиналармен салыстырғанда суды тұтынуды 40% -ға азайтуға мүмкіндік беретін заманауи технологиялық шешімдерді пайдаланады! Есо бағдарламаласын пайдаланған кезде жоғарғы модельдер тек 11 литр суды пайдаланады.
Көлеміне қарай себеттер
Әр-түрлі көлем мен пішіндегі ыдыстарға арналған орын
Себеттердегі ұстағыштар қалауыңыз бойынша бүктелуі мүмкін. Төменгі себетте кастрөл мен табақтар сияқты үлкен ыдыстарға орын босату үшін тәрелке ұстағыштарды бүктеп қойса болады. Жоғарғы себеттегі арнайы ұстағыштар ұзын аяқты сынғыш бокалдарды жууға арналған. Үлкенірек, астыңғы себетке ас құралдарын салуға болады - бұл үшін арнайы себет бар.
Ұзын құралдарға арналған демеуіш
Пышақтар мен шанышқыларға арналған ыңғайлы саңылаулар
Кейбір модельдерде жоғарғы себеттің арнайы демеуіші ұзын құралдарды орналыстыруға мүмкіндік береді. Бұл өте ыңғайлы!
«3-і 1-де» функциясы арқылы ыдыс жуатын машина «3-і 1-де» кәдімгі жинақ немесе «3-і 1-де» таблетка жуғыш құралдарының түрін анықтап, жуу процессін соған қарай бейімдейді. Бұл қолданылған жуғыш затқа қарамастан керемет нәтиже береді.