Техникалық артықшылықтар

Керемет нәтиже, басқару жеңілдігі

Ас үй ауа сорғышы орнатылған бөлменің өлшеміне сәйкес келуі керек. Ауданы 50 м3 құрайтын бөлменің тиімді желдетуін қамтамасыз ету үшін 500 м3 / сағ. өткізу қабілеті бар ауа сорғыш қажет. Gorenje ауа сорғыштар топтамасының кең таңдауын ұсынады, олардың арасында 1000 м3 / сағ барынша жоғары қуаты бар модельдерді таба аласыз. Gorenje ас үй ауа сорғыштарының жұмысын механикалық, электронды немесе қашықтықтан басқаруға болады. Сору қуатын сіздің талаптарыңызға сай реттеуге болады.

Стильді дизайн

Gorenje ас үй ауа сорғыштарының топтамасы Сіздің ас үйіңізді ұйымдастыру үшін шығармашылық шешімдерінің шектеусіз таңдауын ұсынады. Таңдамалы функционалды сипаттамалары стильді дизайнмен байытылған. Өзіндік металл әрлеумен безендірілген және галогендік жарықтандырылған инновациялық нысандар ас үйіңізге жаңа өлшем береді. Сезімтал датчиктер ауаның ластану дәрежесін бақылайды, олардың жұмысын саусақтың ұшын тигізу әрекетімен реттей аласыз.

Жарықдиодты жарықтандырғыш

Жарық сәулесінің астындағы пісіру алаңы.
Жарықдиодтар пештің әдемі және тиімді жарықтандырылуын қамтамасыз етеді және ас үйдегі маңызды эстетикалық және функционалды элемент болып табылады. Жарықдиодтар басқа жарық көздеріне қарағанда үш есе көп жұмыс істейді және электр энергиясын ұқыпты тұтынады.

AutoSense автоматты ас үй сормағы

AutoSense Автоматты ас үй ауа сорғышы
Өшіріліп тұрғанда ауа сорғыш жабылады. Қосылғаннан кейін алауошақ ауа сорғышына айналады.

Жаңа технология: P.A.S. SYSTEM

Gorenje жаңа периметрлі P.A.S. System ауа ағынын бұру жүйесі арқылы ауа ағынын бұрудың революциялық жаңа техникасын ұсынады.
P.A.S. Ауа алу жүйесі ас үй сормағының орталық алаңынан оның шеттеріне орналыстырлған. Бұл бір уақытта шу мен энергия шығындарын азайта отырып, жақсартылған, жылдамдатылған және ауа шоғырландырылған ауа алу мен шығарылуын қамтамасыз етеді.

Sensibila –өте сезімтал ас үй сормағы

Двойной режим работы:
• Ауа сапасын бақылау режимі. Ауаны бақылау жүйесі тұрақты жоғары сапалы ауаны қамтамасыз етеді және пайдаланушының бөлмеде ұзақ уақыт болмаған кезінде ауаның сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Пайдаланушы қажетті параметрлерді орната алады, содан кейін ауа сапасының төмендеуі кезінде датчик ас үйдің әрдайым таза ауамен қамтамасыз етеді. Арнайы сенсор темекі түтіні секілді ауаның ластануын да сезеді.
• Тағам дайындау режимі. Ауа сорғыш автоматты түрде қосылады / өшіріледі - ауа сорғыш тамақ пісіру кезінде температураны және ылғалдылық деңгейін бақылап, тиісінше жұмыс жылдамдығын реттейді. Ауа сапасын толық бақылауды қамтамасыз ету үшін пісіру алаңының газ, индукциялық немесе электрлік түрін таңдауға болады.

Ауаның қайта айналуы

Қайта айналу режимінде ауа сорғыш түтінге және иістерге малынған ауаны тартып алып, оны сүзгіден өткізіп қайта ас үйге жібереді. Ауаның далаға немесе үйдің желдеткіш шахтасына шығуы мүмкін болмаған жағдайда, қайта айналу ең жақсы шешім болып табылады. Осындай жағдайда түтін мен иістерді сіңірген ауа барлық ластануларды ұстап қалатын көміртекті сүзгі арқылы өтіп, ас үйге оралады. Қайта айналмалы ауа сорғыштар ауаның далаға шығуы қиын көп пәтерлі үйлерде жиі қолданылады. Ауа сорғыштың қолдану қарқындылығына қарай көміртекті сүзгі жылына бір немесе екі рет ауыстырылуы керек.

Кухонная вытяжка

Кухонные вытяжки улавливают испарения и запахи от приготовления пищи и отводят их наружу через вентиляционные воздуховоды. Если у Вас на кухне можно сделать вентиляционный выход прямо на улицу, это будет наиболее эффективной системой среди возможных, ведь она позволяет работать вытяжке на полную мощность.

Сүзгілердің оңай тазалануы

Gorenje ауа сорғыштарының металл май сүзгісінің алынуы мен тазалануы өте оңай. Қолмен немесе ыдыс жуатын машинада ұқыпты жуу бағдарламасын қолдану арқылы жууға болады. Акрил және қағаз май сүзгілері де кейінгі ауыстыру үшін оңай шығарылады.

Функционалдық дизайн

Дизайн біздің өмірімізде маңызды факторға айналған, бірақ ауа сорғыштың тартымды түрі жеткіліксіз. Ауа сорғыш функционалды болуы керек, пісіру алаңы үшін қосымша жарық көзі болып тыныш жұмыс істеуі керек. Түрлі дизайндағы Gorenje ауа сорғыштарының кең топтамасы сіздің ас үйіңізге бірегей көрініс беретін модельді іздеуді жеңілдетеді. Электрондық бақылауы бар ауа сорғыштардың қолданылуы оңай - бір ғана тигизу әрекеті жеткілікті.

Жақсы желдетудің маңыздылығы

Ауа сорғыш тағам дайындау иістерінің жайылуын мүмкіндігінше шектеу үшін ас үйдегі төмен қысымды сақтайды, сондықтан.

• Қысымды теңестіру үшін ас бөлмесіне таза ауа кіру керек, мысалы, келесі бөлменің есігін ашыңқырасаңыз болады. Жұмыс істеп жатқан ауа сорғыштың жанындағы терезені ешқашан ашпаңыз, себебі ол ауа айналымының бұзылуына әкеледі.
• Әдеттегідей жұмыс істеу үшін, ауа сорғыштың тартқан ауаның көлеміндегідей таза ауаның болуы қажет. Ауа сорғыш ластанған ауаны алып, оны сүзгіден өткізеді. Май бөлшектері сүзгіге орналасып, ауа сыртқа қарай шығарылады.
• Металл сүзгілер - ең тиімді.
• Gorenje ауа сорғыштарының көптеген модельдері оны пайдаланбаған кезде жабылатын кері клапанмен жабдықталған. Осылайша, сырттан ауа алуға жол берілмейді. Бұл әсіресе қыста өте пайдалы, себебі клапан суық ауаның ас үйге кіруін болдырмайды.

Қуаты

Жаңа ас үй сормағының қуаты қандай болуы керек?
Қажетті қуат көп жағдайда ас үйдің көлеміне байланысты. Қуатты есептеудің жақсы ережесі мынадай: ауа сорғыш бөлмедегі ауаның бүкіл көлемін сағатына 10-20 рет жаңарта алуы қажет. Мысалы, егер ас үйдің көлемі 4 х 4 м , төбенің биіктігі 2,5 м болса, ас үй сормағы ауаны сағатына 400-800 м³ шығаруы тиіс. Әдетте ауа сорғышты орнату барысында қысымның жоғалуы байқалады. Сондықтан келесі ережелерді сақтау керек:
• Әрдайым ұсынылған диаметрдегі (Ø) ауа өткізішін пайдаланыңыз;
• Мүмкін болса, ауаның кедергісін азайту үшін тегіс құбырларды пайдаланыңыз;
• Ауа өткізіштерін мүмкіндігінше қысқа және мүмкіндігінше аз мөлшерде бұрылулармен жасауға тырысыңыз;
• Өткір бұрылыстардың орнына ауаның еркін өтуін қамтамасыз етіп, қысымның жоғалуын азайту үшін бірқалыпты доғалдарды орнатыңыз.

Ас үй көлемін есептеу

Ауа ағынының қажетті қуаты асүйдің көлеміне қарай анықталады.
Бөлменің көлемін былай есептей аласыз: асүйдің ені x биіктігі х тереңдігін көбейтіңіз.
Бұрудың қажетті қуаты ас үйдің көлемін 10-ға көбейту жолымен анықталады.
Ауа сорғыштың ені әдеттегідей пісіру алаңның еніне сәйкес болады. ауа сорғыш пен пісіру алаңы арасындағы ұсынылған қашықтық 65-75 см бірақ бұл пісіру алаңына байланысты кішірек болуы да мүмкін.
Ауа сорғышты әрдайым тағам дайындаудың алдында бір минут бұрын қосу керек. Пісіру процесінде шығатын иістердің қарқындылығына және будың мөлшеріне сәйкес ауа сорғыштың жұмыс күшін (жылдамдығын) таңдаңыз. Сондай-ақ, тамақты пісіріп болғаннан кейін ауа сорғышты тағы 10 минут қосып туруды ұсынамыз.

Тазалау

Тұрақты тазалау - бұл ауа сорғыштың өзін әрі сүзгіштің де қызмет мерзімін ұзартудың маңызды факторы. Кірленген және майланған сүзгілер ауа сорғыштың жұмысын айтарлықтай төмендетуі мүмкін.
Тот баспайтын болат қазіргі уақытта Gorenje ас үй жиһаздарының көпшілігінде көптеген беттер үшін материал ретінде пайдаланылады және бұл материал ерекше күтімді қажет етеді. Тот баспайтын болаттар үшін арнайы тазартқыштар бар, олар бетіндегі саусақ іздерін кетіруге көмектеседі және қарсы қорғаныш тосқауылдарын қалыптастырады. Әйнектен жасалған беттер үшін арнайы тұрмыстық жуғыш құралдарын пайдалануыды ұсынамыз.

Сүзгілерді қолмен немесе ыдыс жуатын машинада 65 ° C температура бағдарламасын қолдану арқылы жууға болады. Ыдыс жуатын машинада жуған кезде қараю немесе түстің өзгеруі пайда болу мүмкін екеніне назар аударыңыз (алайда бұл сүзгілердің тиімділігіне ешқандай әсер етпейді). Сүзгіні екі айда бір рет жууды ұсынамыз.

Шуыл деңгейі

Қазіргі тұрғын үйлерде ас үй орталық орынға ие, сондықтан ас үй сормағының шу деңгейіне көбірек көңіл бөлінеді. Соңғы бірнеше жылда Gorenje ас үй ауа сорғыш қуатының өмуімен қатар өндірісте қолданылатын шу оқшаулағыш материалдарға да назар аударылған.
Сонымен қатар, біз ауа сорғыштардың шуын азайту үшін сізге бірнеше кеңестер ұсынамыз:
• Икемді гофрленген ауа құбырлардың орнына тегіс құбырларды пайдаланыңыз, себебі ауаның ауа қабырғасының бедерлі икемді ауа өткіздештер арқылы өткен кезде шуыл көп болады.
• Барлық ауаны шығару жүйесінде ұсынылған құбыр диаметрін ұстаныңыз.
• Конденсаттың пайда болуын жою үшін ауа өткізгіш құбырларды қосымша оқшаулауға болады.
Шу деңгейі децибелдерде өлшенеді (дБ). ауа сорғыштың орташа шу деңгейі 55 дБ құрайды.

Посетите
нас на
Facebook
YouTube
Бөлісу
Facebook
Twitter