МӘЗІР+

Құрғатқыш машиналар

SensoCare Технологиясы

Киімнің керемет жұмсақтығы
SensoCare технологиясы кез-келген матаның түрінің ең жақсы құрғатуды қамтамасыз етеді.Температура, бу, құрғату уақыты мен барабан айналуының үйлесімі киімді құрғату үшін керемет жағдай жасайды.Оңтайлы бағдарламалары бар NormalCare режимі кірдің барлық түрлерін құрғатуға жарайды, GentleCare режимі нәзік маталарға күтім жасайды.

Керемет жұмсақтық

Gorenje Құрғатқыш машиналары алдыңғы қатарлы құрғату режимдерімен ерекшеленеді. SensorIQ датчиктерінде негізделген интеллектуалды сенсорлық технологиясы құрғату процесін оңтайландырады, энергия қуатының өте аз мөлшерде тұтынып, киімдердің күтімін жасайды.NormalCARE әдісімен әдеттегі құрғатуды немесе температураны басқаратын GentleCARE әдісін таңдауға болады. Қазіргі заманғы өмір салтына сәйкес арнайы әзірленген бағдарламалар, сондай-ақ қосымша функциялары қауіпсіздікті және кірді өте жақсы күтіп-ұстауға кепілдік береді.

• SteamTech буы арқылы құрғату технологиясы
• IonTech ауа ионизаторы арқылы матаны тегістеу технологиясы
• TwinAir екі бағытты жүйесі
• SensoCARE реттемелі құрғату бағдарламасы
• A-63%-класы жылу сорғысы бар конденсатты құрғатқыш машина
• Көлемі 120 литр өте үлкен барабан

SensorIQ технологиясы

Қауіпсіз жұмыс үшін арналған сенсорлы технологиясы
SensorIQ интеллектуалды технологиясы таңдалған бағдарламаға, құрғату процесін автоматты түрде реттейді. Датчиктердің бірлескен жұмысы құрғату процесінде қателерді болдырмайды, киімдерге жақсы жағдайларды жасайды және сонымен бірге энергия шығынын азайтады.

TwinAir

Киімді біркелкі құрғату
Тікелей құрғатқыш машиналарынан қатпарсыз жұмсақ, біркелкі құрғатылған киімдер. Бұл ауа барабанның айналу бағытымен бір бағытта жеткізілетін ауаның екі бағытты беру жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Желдеткіштің ішіндегі арнайы бітеуіш ауа ағынының бағытын бақылап, ашылып жабылады.

SteamTech

Қыртыссыз киім - үтіктеуді жеңілдету
Бағдарламаның соңында мата барабандағы бумен әбден өңделеді. Бұл ең жақсы сапалы құрғатуды қамтамасыз етеді, киімдерді жұмсартады, киімдердің қыртыстары түзеліп оларды үтектемесе де болады, осылайша сіздің бос уақытыңыз пайда болады.

HeatPump мен TwinAir

Революциялық тиімді құрғату
Барлық Gorenje жылу сорғысы бар құрғатқыш машиналар энергияны үнемдейтін жоғары кластарға жатады, ал кейбіреулері болса A +++ класына жатады, бұл А класына қарағанда электр энергиясының 50% -на дейін үнемдейді. Біз А+++ класы мен 9 кг жүктемесі бар машиналарымызбен ерекше мақтан тұтамыз. Бұл артықшылықтардың үйлесімі оны нарықта бірегей етеді. Оңтайландырылған жылу сорғысы мен нарықтағы ең үлкен 120 литр көлеміндегі барабан үлкен көлемді кірді құрғатып шығуға көмектеседі. Сонымен қатар біз тез және тиімді құрғату үшін ауа каналдарын кеңейттік. Жылу сорғысы сонымен бірге әдеттегі жүйелерге қарағанда киімдерге қолайлы 50°C температурасында күтімді құрғатуды қамтамасыз етеді және құрғап кетуді болдырмайды.

AutoDrain: конденсатты автоматты түрде шығару

Конденсат үшін контейнердегі суды қолымен төгуге қажеті жоқ.
Егер құрғатқыш машинаны AutoDrain ағызу шлангісі арқылы ағызу жүйесіне қосылған болса, суды қолмен ағызуға қажеті жоқ.

Сыйымдылығы 9 кг үлкен барабан

Бір ретте көбірек құрғатылған киімдер
Gorenje құрғатқыш машиналарына 9 кг кірді салса болады. Сыйымдылығы жағынан (120 литр) нарықта ұқсас өнімдерден әлдеқайда асып түседі және үлкен көлемдегі кірді қолайлы құрғатуды қамтамасыз етеді.Қақпасы 180 ° ашылып, ыңғайлы үлкен ойығы (35 см) көрпелер, перделер, төсек-орын тысы мен жастықтар сияқты үлкен заттарды барабанға салуын және алуын жеңілдетеді.Кейбір модельдерде барабанның жарықдиодты жарықтандыруы бар, ол жақсы көріісті қамтамасыз етеді және кірді салу мен шығаруды жеңілдетеді.

Аз мөлшерді киімді құрғату

Жеке заттардың тиімді құрғату.
Gorenje құрғатқыш машиналарында енді бір ғана затты құрғатуға да болады. SmallLoad функциясының артықшылығы - басқа киімдердің жиналғанын күтпей- ақ сізге қажетті киімді лезде құрғатады.

Жеңіл басқару

Үш кезеңде қалаған нәтижелерге қол жеткізу
Эргономикалық басқару панелі құрғату процесінің жеңіл бақылауын қамтамасыз етеді, ал кезеңдер оңға және солға орындалады. Ең жиі қолданылатын құрғату бағдарламалары реттегіштің сол жағында орналасқан. Реттегшінің жанында қосымша параметрлер үшін бөлім бар, мысалы, құрғатуды кейінге қалдыру немесе төмен температурада құрғату, сондай-ақ жарықдиодты индикаторлар мен СК дисплей оларды таңдаудың нәтижесін көрсетеді. Құрғатқыш машинасының басқару панелінің сол жағында «Старт» және «Үзіліс» түймешіктері бар. Басқару панелінің осындай дизайны құрғатқыш машинасын жеңіл және ыңғайлы пайдалануды қамтамасыз етеді.

IonTech Ионизаторы

Иондардың аллергияға қарсы қасиеттері
Құрғату кезінде ионизатор теріс зарядталған иондарды барабанға босатып, аллергендерді, бактерияларды, тозаңды және тамақ пен темекінің жағымсыз иісін кірден кетіреді. Матаның талшықтары одан әрі жұмсарады және түзіледі, кептіру кезінде жинақталған статикалық электрі жойылады. IonTech функциясы бар модельдерінде иондау кез келген құрғату бағдарламасы кезінде пайда болады.

Балалар қауіпсіздігі үшін құлыптау жүйесі

Балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін айналым кезінде кір жуғыш машинаның қақпасын ашуға болмайды. Қосымша қауіпсіздік үшін машинаны басқару панеліндегі түймелердің комбинациясын басу арқылы құлыптауға болады.

Жүннен жасалған заттарға немесе спорт аяқ киіміне арналған арнайы демеуіш.

Жүн свитерлерін жұмсақ құрғату.
Құрғату машинасының барабанына нәзік жүннен жасалған киімді кептіруге арналған арнайы демеуіш орнатуға болады. Қойғыштың үстіне свитерді орналастырыңыз, ал жүн жұмсақ әрі үлпілдек болып қалады. Демеуішті спорт аяқ киімдерді құрғату үшін қолданса да болады, себебі оны құрғатқыш машинасы ішінде аударылудан қорғайды. Бұл киімдерді қарапайым жайып кептірумен салыстырғанда құрғату процесінің уақытын айтарлықтай қысқартады.

Құрғатуды бастау бағдарламасы

Белгіленген уақытта құрғату
Құрғатуды бастау бағдарламасын 24 сағат бұрын бағдарламалап қойса болады. Құрғату белгілі бір ылғалдылық деңгейіне сәйкес орындалады, ал киімдер сізге ыңғайлы уақытта үтіктеуге дайын болады.

Жеңіл тазаланатын сүзгілер

Оңай қол жетімді сүзгі
Сүзгі қақпада ыңғайлы орналасқан. Оның дизайны оны дымқыл шүберекпен тазалауды жеңілдетеді; немесе оны ағын сумен ағызып, шаюға болады. Сүзгіні үнемі тазалау және конденсат үшін суды ағызу келесі цикл үшін құрғатудың қолайлы нәтижелерін қамтамасыз етеді.
Посетите
нас на
Facebook
YouTube
Бөлісу
Facebook
Twitter