Gorenje Classico Collection

Асты ерекше шабытпен даярлаңыз

Ас үй - отбасылық жайлылық пен өмірге деген құштарлықтың ордасы, қасиетті орын. Бұл жерде барлық нәрсе ерекше дәмге ие болады. Бұл жерде адамды ессіз арбап әкетер хош иісті дәмдеуіштер өткеннің аспаздық тарихын зерттеуге және өзіңнің ең үздік асыңды даярлауға шақырады. Себебі дәмдеуіштер - бұл аспаздың шабытынан шыққан дүние, ал жақсы ас үй - бұл құмарлық толы тәтті өмірдің кепілі. Мұның барлығы күңгірт қара түсте және піл сүйегінің түсінде жасалған Classico Collection асүй техникасы арқылы орындалады. 

Classico Collection тұмшапештері  классикалық өзгешелікте өз көрінісін тапқан аса әдемі және динамикалық дизайнмен жасалған.  Есігінің бедері мен пішіні, сондай-ақ тұмшапештің орта жағына қарай үйлесімді түрде өткен жңішке сызықтары, арка қолдану арқылы жасалған дәстүрлі пештерді еске салады. Тұмшапештің мінсіз сыртқы көрінісі өзіне сай реттегіштермен, көнерген алтын түсімен әрленген бедерлі тұтқасымен, сонымен қатар классикалық дизайнда жасалған электронды бағдарламаланатын таймермен толықтырылған. Бұған қоса тұмшапеш пісірудегі жаңа HomeMADE™  технологиясымен және жоғары тиімділігімен ерекшелінеді. Бір шымшым өз құмарлығыңызды қоса отырып дәмі тіл үйірер, шырынды және балғын ас әзірлеңіз. 

Үздік пісірмелерге арналған HomeMADE ™ технологиясы

PerfectGrill қыздырғышын дұрыс орналастыра отырып жасаған инновациялық ішкі дизайны дәстүрлі отын пешіәсерін береді. Тимді ауа айналымы ыстық ауаның біркелкі таралуын және пісірудің керемет жақсы шығуын қамтамасыз етеді. Толықтай қозғалмалы телескопиялық бағыттайшылары тұмшапешке қаңылтыр табалардың жеңіл орналасуын қамтамасыз етеді және пісірме барысын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Тұмшапештің есігі үнемі салқын күйде

Тұмшапештің есігі ыстықты дарытпайтын қос қабатты шыныдан жасалған. Сондықтан оның сыртқы қабаты үнемі салқын күйде болады. Тұмшапештің қауіпсіз және энергия тиімділігін арттыратын есігі A-20% энергия тұтыну сыныбына жатқызылған. Тұмшапештің есіктерінің ішкі жағында ешбір шұқырлар немесе кедір-бұдыр жерлер жоқ, сондықтан оны күтіп ұстау оңайға соғады.
Біз жоғары сапалы, технологиялық тұрғыда мінсіз болып табылатын таңдаулы дизайнға ие пісіру алаңдарын ұсынамыз. Сіз, міндетті түрде олардың арасынан, сіздің барлық дағдыларыңызға сай келетін және сеніміңізді ақтайтын, сонымен қатар  үйіңіздің ішкі көрінісін толықтырып тұратын пісіру алаңын таба аласыз. Бұл топтамадағы газ алаңдары басқаларына ұқсамайтын ерекше шойын торлармен және оларға сай әдемі реттегіштермен жабдықталған. Газ алаңдарының өзі күңгірт қара түсте және піл сүйегінің түсінде жасалған. Конфоркаларының ромб пішінінде орналасуы, тағам даярлау барысын одан әрі оңай әрі ыңғайлы етеді. Сіз таңдаған пісіру алаңы, Classico Collection топтамасындағы басқа да аспаптармен керемет үйлеседі.

Ыңғайлы басқаруға арналған ретро реттегіштер

Алтын түсімен әрленген реттегіштер өздерінің көне керамикалық ізашарларына өте ұқсас болып келеді, алайда оларда заманауи технологиялар жасырулы және олар басқаруды барынша ыңғайлы ете түскен. Өздерінің эргономикалық құрылысына байланысты қолданыста өте ыңғайлы болып табылады.

Шойын тор

Шойын торлар газ плитасының төзімділігін арттырады және сыртқы көрінісін жақсарта түседі. Мықты материалдан жасалғандығы үшін, бұл торлар өте жоғары температураға төзімді болып келеді және аса ұзақ уақыт бойы қолданыла алады.

Классикалық ерекшелігі бар заманауи Hi-light технологиялары

Үш дана Hi-Light қыздырғыштарынан басқа, оның шыныкерамикалық беткі алаңында қос контурлы тағы бір қыздырғыш бар және оны кәстрөл мен таба үлкендігіне қарай қосып, ауыстырып отыруға болады. Әрбір конфоркаға арналған жарық индикаторы беткі алаң ыстық болып тұрса жанып тұрады. Тегіс бетті тазарту оңай, ал биігірек болған жиектері сұйықтықтың жерге тасуына жол бермейді.

WOK конфоркалары

Дөңгелек отын көзінде 3 алаумен жанатын кәсіби газ конфоркалары табаның жоғары қуатта қыздырылуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар ол энергияны үнемдеуге және сүйікті тағамдарыңызды санаулы минуттар ішінде әзірлеуіңізге мүмкіндік береді.
Classico Collection топтамасындағы электрлі пісіру алаңдары стильді дизайны мен технологиялық мінсіздігімен ерекшелінеді. Классикалық реттегіштер мен төгілідуің алдын алатын ерекше пішіндегі жиектерде өткен ғасырдың көркемөнер дәстүрінің тынысын сезуге болады. Аспаптар, Сіздің ас әзірлеудегі қажеттіліктеріңіз бен тағам даярлау стиліңізге сай келетін мінсіз технологияларымен көзге түседі. Үш Hi-Light қыздырғыштарынан бөлек, беткі алаңында кәстрөл мен  таба үлкендігіне қарай ауыстырылып отырылатын қос контурлы қыздырғышы да бар. Таңқаларлық теп-тегіс алаңы ыңғайлы ас әзірлеу мен қарапайым күтім жасауды қамтамасыз етеді. Бұл пісіру алаңы сізді енжар қалдырмайды. 

Классикалық ерекшелігі бар заманауи Hi-light технологиялары

Үш дана Hi-Light қыздырғыштарынан басқа, оның шыныкерамикалық беткі алаңында қос контурлы тағы бір қыздырғыш бар және оны кәстрөл мен таба үлкендігіне қарай қосып, ауыстырып отыруға болады. Әрбір конфоркаға арналған жарық индикаторы беткі алаң ыстық болып тұрса жанып тұрады. Тегіс бетті тазарту оңай, ал биігірек болған жиектері сұйықтықтың жерге тасуына жол бермейді.
Сізге, ені 50 немесе 60 см болатын, үйлесімді түрде құрылған жоғары технологиялық газ және электр плиталары ұсынылады.  Тұмшапештерде қарастырылған инновациялық технологиялық шешімдер, түрлі пісіру алаңдары мен HomeMADE ™ инновациялық технологияларының үйлесімділігі, әрдайым керемет нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізеді. Бұл топтаманың плиталарында газды, сондай-ақ электрлі тұмшапештер де бар. Реттегіштердің ақылға қонымды дизайны арқылы ұқсас дисплейі мен ерекше рельефке ие тұтқа арқылы аспаптарды пайдалану және басқару өте оңай.


Classico Collection ас үй ауа сорғыштарының минималистикалық дизайны, ас үй интерьерін талғампаз түрде толықтырып тұрады. Ауа сорғыштың жіңішке сызықтары мен алтынмен әрленген бөлшектері осы топтамаға кіретін басқа да жиһаздардың дизайнымен керемет үйлеседі. Ауа сорғыштар тиімді және тыныш жұмыс істеуімен ерекшелінеді. Заманауаи үрдіске қарай ас үй мен қонақжайдың біріктірілуі, ауа сорғыштардың жаңа стандарттарда жұмыс жасауын талап етеді. Gorenje Classico ауа сорғыштарының қуаты кемдегенде 750 м3 / с. және олар көлемі 35 м2 дейінгі алаңдардағы лас ауаны, ылғалды және май бөлшектерін кетіру үшін ең ұтымды күшке ие. Оның дизайны мен жасалған материалдары күмәнсіз, сізді таң қалдырады. 

"Ескі алтынмен" әрленген реттегіштері мен релингі

Ауа сорғыштардың нәзік піл сүйегі түсімен немесе күңгірт қара түспен жасалған дизайны, "ескі алтын" түсімен әрленген релингімен толықтылырылып тұрады. Ауа сорғыш "ескі алтын" түсімен әрленген батырмалары көмегімен дәстүрлі басқару арқылы жұмыс жасайды. Топтаманың дизайнын қайталап отырған реттегіштері ауа сорғышқа керемет көрініс береді және оның классикалық стильде жасалғанын алға тарта көрсетіп тұрады.

Кір жуғыш машинада жуыла беретін май сүзгіштері оңай тазартылады

Gorenje ауа сорғыштарының металдан жасалған май сүзгіштерін шешіп алу және жуу өте ыңғайлы. Оларды қолмен тазалауға да, ыдыс жуатын машинаға салып "ұқыппен жуу" режимін таңдай отырып жууға да болады.

Галерея

Посетите
нас на
Facebook
YouTube
Бөлісу
Facebook
Twitter