Gorenje designed by Karim Rashid

Минимализм мен түрлі түстің аралас синтезі. Тазалық және батылдық. Функционалдық және интербелсенділік.

Динамикалық дизайн тән болған заманауи топтама, жұмырланған желілер мен жоғары сапалы аллюминий қасбеттерінен жасалған. Инновациялық дизайн мен озық технологиялар түстердің қанықтығы мен әртүрлілігі әсерін береді. 

Жарық  диодты ұзына бойдағы сызықтың түсіріп тұрған сиқырлы жарығы, жеке кеңістік тәрізді әсер береді. Жеңіл бір қимыл арқылы сіздің әлеміңіз ұзақ уақытқа не болмаса қысқа бір сәтке жеті түстің біріне боялады. 


Карим Рашид: Заманауи дизайн бойынша әлемдік жұлдыз

Нью-Йорк қаласынан шыққан дизайнер Карим Рашид - өз заманының ең жемісті дизайнерлерінің бірі. Оның шығарған 3000-нан астам үлгілері өндірілуде, 300-ден астам марапат иегері және 35-тен астам мемлекетте жұмыс жасауда - мұның барлығы Каримнің дизайн әлеміндегі ерекше мәртебесінің көрінісі. Дизайнер шексіз талантты. Оның туындыларының арасында жиһаздар, сәулет ғимараттары, жарықшамдар, ас үй ыдыстары... Ендігі кезекте тұрмыстық техника.

Көптеген марапат пен сыйлықтардың лауреаты атанған бұл индустриалды дизайнер, бүкіл әлем бойынша жүздеген клиенттерінің тапсырысын орындаған, олардың арасында мынадай танымал клиенттері де бар: Alessi, Artemide, Audi, Bozart, Cappellini, Estée Lauder, Giorgio Armani, Issey Miyake, Kenzo, Prada, Sony, Toyota және Umbra. Карим Рашид бірнеше рет Red Dot Award, Chicago Athenaeum Good Design Award, ID Magazine Annual Design Review, IDSA Industrial Design Excellence Award және басқа да сый-сияпатпен марапатталған. 


MoodLite технологиясы

Жарық пен түстің жанасқан жері. Күн өткен сайын және әр күні әр түрлі.

Жарық пен түстің жанасқан жері. Күн өткен сайын және әр күні әр түрлі. Ол түстермен ойнауға мүмкіндік береді және сіздің қиялыңызға толық ерік беріп, көңіл-күйіңіздің назына қарай икемделеді. 6 түрлі көңілкүйге арналған 6 түс. 6 күн үшін 6 түс, әр күнге бір түстен. Сәттерге бейімделудің қажеті жоқ, керісінше олар сіздің қалауыңызға қарай орындалсын. 

BabyPink, HotPink, DeepPurple, SkyBlue, LimeGreen, JuicyOrange. Сіздің үйіңіз әр түрлі бола алады. Әр күн және әр минут сайын. Себебі сіз де үнемі өзгерістесіз.

Әдемілік пе, әлде фунционалдылық па? Біздің озық технологияларымыздың арқасында сіз мұндай таңдау үстінде қалмайсыз. MoodLite технологиясы жарықтандыруға тек қана түрлі түс беріп қана қоймайды, сонымен қатар қосылып тұрғанда тұмшапештің ішіне қарауға мүмкіндік береді. Қызыл көмескі жарық тұмшапештің ыстық күйде кендігін білдіреді. Түрлі-түсті жарықдиодты жолақ - бұл әрі дизайн элементі, әрі функционалды бөлшек. 


BabyPink (ашық-алқызыл)

BabyPink түсі - жұмсақтық, көркемдік, нәзіктік, саулық, қарапайымдылық пен жағымды эмоцияларды білдіреді. Сүйікті адамыңмен бірге таңдаулы, дәмді тамақтардың арасында өткізгің келетін романтикалық кеш үшін керемет таңдау болып табылады.

HotPink (қанық-алқызыл)

HotPink - бұл сезімталдықтың, ойнақылықтың және жігерліліктің түсі. Достарыңызбен шулы кеш өткізу үшін керемет таңдау. Бұл толқытатын, ыстық, назды және тәбетті ашатын түс. Қанық-алқызыл түсті жарықтандырумен, фуршет тағамдары мен коктейльдер ұсынылатын кештерді достарыңмен бірге тоқтаусыз өткізу өте қолайлы.

DeepPurple (қошқыл-күлгін)

DeepPurple рухтылықты, сән-салтанатты, молшылықты және өзгеруге деген құштарлықты оятады. Ол сапа мен мінсіздіктің көрінісі болып табылады. Күлгін түстің өзіне тән нақты айрықша әлпеті бар - бұл әйел жанының нәзіктігі мен үнсіздігінің түсі, ол иіс сезу органдарын ынталандырады және тәтті ой қалдырады. Дос қыздарыңызбен жақсы уақыт өткізуді қаласаңыз, Сіз DeepPurple түсінің беретін сиқырлы ортамын таңдайсыз.

SkyBlue (аспан-көк)

SkyBlue түсі қауіпсіздік, сенім, дәйектілік, адалдық, шын көңілмен берілгендік және абырой дегенді білдіреді. Бұл түс, адамға жұбаныш беретін, кеңістігін бүкіл әлеммен толықтыратын рухтылықтың түсі; бұл балғындық пен салқындықтың жанасқан жері. Егер сіз оңашада тыныштық пен үнсіздік ішінде демалғыңыз келсе, аспан көк түсті жарықтандыруды таңдайсыз: аспан көк түс сізді тыныштандырады және тынысыңыздың бірқалыпты болуына септігін тигізеді. Жемістен жасалған тағамдар, тәттілер және аспаздық үздік туындылар жасап көріңіз, себебі аспан көк түсі сіздің исіс сезу органдарыңызды белсендендіре түседі.

LimeGreen (жасыл лайм)

LimeGreen - бұл үміт пен сенім атмосферасын құруға лайықты түс. Жасыл түсті босаңсу атмосферасын орнату үшін қолданған жөн, себебі ол тыныс алуды бір қалыпқа келтіреді, күйзелу гормондарының шығарылуын баяулата отырып, жүрекке көп салмақ түспеуіне септігін тигізеді. Егер де сіз өз достарыңызбен бірге босаңси демалғыңыз келсе, тамақтанудан керемет ляззат алғыңыз келсе, жасыл түс сіз үшін ең дұрыс таңдау болады, себебі ол иіс сезу қабілетін басып тастайды да, басқа сезімдерді алғы шепке шығарады.

JuicyOrange (қанық апельсин)

JuicyOrange - Апельсин түсі ойнақылықты, құшырлануды, құлшынысты, қуанышты, эмоциялық уайымды және кеудемсоқтықты білдіреді. Бұл түс сізге жылы жайдарман ортам сыйлайды. Ол тәбеттің ашылуын ынталандырады және кешкі ас үшін өте қолайлы, себебі бұл түс, күн батқан кездегі түсті береді. Бұл үй ішіндегі ең жанға жақын түстердің бірі, өйткені ол жылылық сезімін тудырады, ал ауырғандық сезімін басады.

Галерея

Посетите
нас на
Facebook
YouTube
Бөлісу
Facebook
Twitter