Сиқыршының қолымен бір сермеп ғажайып жасағаны тәрізді, ашық ошақта ас әзірлеу де өте оңай әрі қолайлы. Танымал француз дизайнері Ора-Ито ойлап тапқан ас үй техникасының топтамасы арқылы бәріне де қол жеткізуге болады. Бұл техникалар қолайлы, интуициялық тұрғыда өте түсінікті және озық технологиялардан құралған. Оның барлық құпиясын ашыңыз!

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

_products/features/icon - MultiFlow 360°С жүйесі бар IonAir технологиясы

MultiFlow 360°С жүйесі бар IonAir технологиясы

Сөрені таңдаңыз. Кез-келген сөрені.
MultiFlow 360° желдету жүйесі, әрбір сөредегі қалыпты температураны сақтап тұру үшін иондалған ауаны 14 желдету саңылауы арқылы біркелкі. Теріс зарядталған иондар ауадағы жағымсыз иісті жояды және табиғи микроклимат ортамын қайталайды. Бұл балғын өнімдерді сақтауға арналған мінсіз ортаны құрайды.
Одан әрі
Жасыру
_products/features/icon - BridgeZone

BridgeZone

Үлкен кәстрөлдерге арналған оңай шешім
Тек бір ғана қимылмен екі жеке конфоркалар сиқырлы түрде бір конфоркаға айналады. Үлкен ыдыста тағам әзірлеу ешқашан да мұншалықты оңай әрі тиімді болған емес.
_products/features/icon - Күмбез тәрізді HomeMade пішіні

Күмбез тәрізді HomeMade пішіні

Шағын сиқыр қолдансаңыз болғаны, керемет пісірмеңіз әп-сәтте дайын!
Дәстүрлі отын пеші үлгісінде жасалған дөңгелек пішінді тұмшапеш, ыстық ауаның еркін алмасуына және біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Осылайша тағам барлық жағынан біркелкі ысытылады және жақсы піседі: әрі татымды, әрі қытырлақ болып шығады.
Одан әрі
Жасыру
_products/features/icon - AdaptTech

AdaptTech

Сіз ас үйдегі шоуыңызға көп көңіл бөле аласыз
Ауа сорғышқа орналастырылған сенсор қоспалардың деңгейін анықтайды және автоматты түрде вентилятордың айналым жылдамдығын реттейді, егер вентилятор қажет болмаса, оны өшіріп қояды. Сондықтан сіз барлық көңіліңізді толықтай ас үйде әзірленіп жатқан хош иісті тағамыңызға бөле аласыз.
Одан әрі
Жасыру
_products/features/icon - Автомәзір

Автомәзір

Тағамды жылдам әзірлеу үшін сиқырлы сөзді айтыңыз
Автоматты бағдарламалар кейбір тағам түрлерін даярлауды қамтамасыз етеді. Сіз тек өнімнің түрі мен салмағын енгізесіз, ал пеш өзі тағам даярлауға қажетті ең ұтымды қуат пен уақытты таңдайды.

ORA ÏTO
ДИЗАЙН МІНСІЗДІГІ

Жасампаз француз дизайнері әрдайым дизайн жайлы үйреншікті ұғымды толығымен өзгертіп отырғандығымен танымал болатын және ол ештеңеге ұқсамайтын үнемі әдемі болып қала беретін әрі қолайлы болып келетін әлдебір заттарды ойлап табатын. Бұл сипаттамалар Gorenje жаңа топтамасындағы ас үй аспаптарына толығымен сәйкес келеді. 

Ора-Итоның көпшілік арасында дау туғызар идеялары оны әлемдік дизайнның тұғырына дейін шығарды. Мансабының бастапқы кезеңдерінде ол атақты брендтердің өнімдеріне ойдан қиыстырылған мүсін беріп, оны өз сайтына орналастыратын. Ал адамдар шындығында жоқ тауарларға тапсырыс бере бастады. Louis Vuitton, Nike, Gucci, Swatch, Apple және Levi’s секілді ірі компаниялар жас жігітті сотқа бере алар еді, алайда олар оның өнімді ерекше дизайнмен жасау қабілетіне тәнті болып, Ора-Итоны бірге жұмыс жасауға шақырды.

Gorenje-мен бірлесе отырып жасаған ас үй жиһаздары, өзінің бірегей дизайны мен таңқалдырарлық қолайлығына байланысты кең танымалдылыққа ие болды, сондықтан олар әлі ұзақ уақыт бойы өз маңызын жоғалта қоймас. 

Посетите
нас на
Facebook
YouTube
Бөлісу
Facebook
Twitter