Кепілдік міндеттемелер

Словениялық «Горенье д.o.o Веленье» фирмасының кепілдік міндеттемелері. Ірі тұрмыстық техникалар мен шағын тұрмыстық техникалар.

Словениялық «Горенье д.o.o. Веленье» фирмасы өнімдеріне берілетін кепіл қағазы ҚР "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" Заңына сәйкес, кепілдік қызметтер алуға негіз болып табылады.   

  • Кепілдік тек қана жеке, отбасылық, тұрмыстық және кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ басқа да қажеттіліктер үшін қолданылатын тауарға беріледі.
  • Кепілдік мерзім кепіл қағазында бұйымды орнатқанын (қосқанын) растайтын белгі болған жағдайда, өнім іске қосылған уақыт пен сатып алған күннен бастап 12 ай  (арнайы қостыруды (орнатуды) қажет ететін бұйымдар үшін). Сатып алған және орнатқан күнді белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, кепілдік мерзім бұйым өндірілген күннен бастап есептеледі (бұйымның сериялық нөмірін қараңыз: алғашқы сандар өндірілген жылды, ал екінші және үшінші сандар — жасалған жылдың аптасын білдіреді).                                                                                                                                                    
  • Кепілдіктен кейінгі берілетін қосымша техникалық қызмет, кепілдік мерзімі біткен күннен бастап 12 айға жарамды.
  • Словениялық «Горенье д.o.o. Веленье» фирмасының бұйымдарын орнату (қосу) және техникалық қызмет көрсетумен Gorenje* компаниясының Авторизацияланған Сервистік Орталығы айналысады.
  • Кепіл қағазы дұрыс толтырылып, оған сауда ұйымының мөрі басылып, сатушының қолы қойылуы тиіс, сонымен қатар тауардың сериялық нөмірі мен оны алған уақыт көрсетілуі керек. Ал арнайы орнатуды (қосуды) қажет ететін бұйымдардың кепіл қағаздарында оны орнату (қосу) туралы мәлімет болуы керек.
  • Кепілдеме (ләмпішке, мұз үшін қажетті ыдыс, ауа сорғыш үшінқажетті сүзгіш, түкті кеуекті сүзгіш сияқты және тб.) шығын материалдарына берілмейді.

Кепілдік міндеттемелер тауар тұтынушыға жеткізілгеннен кейін, төмендегідей себептермен пайда болған кемшіліктерге жарамайды:


  • Пайдалану ережелерін сақтамау, бұйымды мүлдем басқа мақсатта пайдалану;
  • біліксізділікпен орнату/қосу салдарынан бұйымның элементтерінің қолдануға жарамсыз болып қалуы немесе бұйымның қанағаттанарлықсыз деңгейде жұмыс істеуі;
  • Тауарды тұтынушыға бергеннен кейін пайда болған механикалық зақым, химиялық әсер етудің іздері, құбыр желісінде, ысытқыш элементтер мен оттықтарында артық қақтардың, майлы, күйе және лас түзілімдердің пайда болуы;  
  • Үй жануарлары, тұрмыстық жәндіктер мен кеміргіштер кесірінен  бұйымның қалыпты жұмысының бұзылуы мен зақымдануы;
  • Бұйымды электр және газбен жабдықтау желілеріне бұйымды пайдалану ережелеріне қайшы параметрлермен қосу;
  • Бұйымның ішкі жұмыс аумағына бөтен заттар түсіп кеткен жағдайда бұйымның жылжымалы элементтерінің бұғатталуы;
  • Бұйымның өндірушілер тарапынан енгізілген сақтау, тасымалдау, орнату/қосу ережелерінің сақталмауы;
  • Электр желісінің тұрақсыздығы (ток күші мен кернеуде кенеттен орын алған айырмасы);
  • Газ және сумен жабдықтау желілеріндегі су мен газ қысымының тұрақсыздығы, су мен газда жұмыс істеу қабілетіне ықпал ететін басқа бір қоспаның болуы;
  • Бұйымның құрастырылуына өз бетінше өзгерістер енгізу немесе пайдалану нұсқаулығы мен техникалық құжатында қарастырылмаған бөлшектерді орнату;
  • Бұйымды өндірістік мақсатта пайдалану, сонымен қатар, дұрыс қолданбау немесе лайықты күтім жасамау нәтижесінде оның қатты тозуы;
  • Табиғи түрде тозуының әсерінен, техникаға әсер етпейтіндей етіп бұйымның сыртқы көрінісінің өзгертілуі;
  • Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқығын қорғау туралы қолданыстағы заңына сәйкес басқа да себептер, соның ішінде еріксіз күш пен үшінші тұлғаның әрекеті кесірінен туындаған себептер.

Назар аударыңыз!

Өндіруші, бұйымды орнату, пайдалану ережелері мен шарттарын сақтамау, тұтынушылардың немесе үшінші тұлғаның қасақана немесе абайсыз әрекеті нәтижесінде Gorenje компаниясының өнімдерінің адамдарға, үй жануарларына немесе мүлікке тікелей немесе жанама зиян тиюі мүмкін жағдайлар үшін жауапкершілік алмайды. Бұйым тек тұрмыстық қолдануға арналған, кәсіби мақсатта пайдалануға тыйым салынады. Барлық құрал-жабдықтар міндетті түрде жерге тұйықталуы керек. Жерге нақты тұйықтандырылмаған жабдық қауіпті болып саналады. Егер бұйымды орнату/қосу кезінде қосымша операцияның орындалуы талап етілсе, Gorenje компаниясының Тіркелген Сервистік Орталығына* хабарласуыңызға кеңес береміз (қызмет ақылы, қызмет бағасы Сервистік Орталықтың бағанамасында көрсетілген). Тіркелген Сервистік Орталық арқылы атқарылатын Gorenje компаниясының бұйымын орнату/қосу қызметтері.

Gorenje құрамында келесі жұмыстар атқарылуы мүмкін:
  • Бұйымды электр және газ жабдықтау желілеріне қосу,
  • Бұйымның пайдалану шарттарына бейімдетілуі (газ оттықтарының минимальді қуаттылығын реттеу, бұйымды басқа түрге және газ қысымына орай баптау, тетіктерді реттеу және т.б.),
  • бұйымның жұмыс істеу қабілетін көрсету және тұтынушыға оны пайдалануды түсіндіру.
Орнату/қосу кезінде "Қондырғыны қосу туралы мәліметтер" кестесіне қосу туралы мәліметтерді енгізу үшін қосу қызметтерін жүзеге асырушы маманға хабарласуыңызға кеңес береміз.

Сериялық нөмір құралдың өндірілген күні туралы мәліметті білдіреді:
X XX X XXXX
Х....................... - Өндірілген жылы (Өндірілген жылы, төрт санның ішіндегі соңғысы)
     ХХ.................... - Жылдағы апта
          X ............... - Өнімді дайындау
              ХХХХ.... - Шығарылған құралдың апталық партиядағы нөмірі

Өндіруші Gorenje сауда белгісінің төмендегідей бұйымдары үшін 10 жыл қызмет мерзімін бекітеді:
  • ас үй плиталар (электрлік және газдық),
  • тоңазытқыштар мен мұздатқыштар,
  • кір жуғыш, құрғатқыш және ыдыс жуғыш машиналар,
  • ауатазартқыштар,
  • газдық тұрмыстық конвекторлар,
  • қондырылмалы пісіру панелдері мен тұмшапештер,
  • қондырылмалы: буқазандар, кофе-машиналар, ЖТ-пештер.
Сізден, сатып алар кезде кепіл қағазының, сонымен қатар жыртпалы купонның  дұрыс толтырғанына көз жеткізуіңізді сұраймыз. 



Словениялық «Горенье д.o.o. Веленье» фирмасының кепілдік міндеттемелері. Бұйым: климаттық техника

Словениялық «Горенье д.o.o. Веленье» фирмасы өнімдерінің кепіл қағазы ҚР "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" Заңына сәйкес, кепілдік қызметтер алуға негіз болып табылады.

5 let garancije

Сақтық қақпақтарын қоспағанда, барлық су ысытқыштардың қалған бөлігіне 2 жыл кепілдік беріледі.



5 let garancije

GT... моделінің барлық су ысытқыштарының багына 3 жыл

5 let garancije

 TG…, TGR…, OTG… модельдерінің барлық су ысытқыштарының багына 5 жыл

5 let garancije
GBF…, GB…, OGB…, GBL…, GBK…, KGV… модельдерінің  барлық су ысытқыштарының багына 7 жыл

5 let garancije

Бұйымның қызмет мерзімі - 10 жыл

* Қазақстан Республикасы территориясындағы Gorenje Тіркелген Сервистік Орталығының тізімі төмендегі сілтемеде көрсетілген:
http://www.gorenje.kz/kk/support/kontakt-servis-manager

Егер де өз қалаңыздың атын тізімнен таба алмасаңыз, Қазақстан Республикасындағы Gorenje d.o.o. Velenje Өкілдігіне  хабарласыңыз.

Қазақстан Республикасындағы Gоrenje d.o.o. Velenje  Өкілдігі
050010, Алматы, Бегалин көш., 49, Қабанбай батыр көш., 19 қиылысында.
тел: 8(727) 2930307 
info(айқұлақ)gorenje.kz


Посетите
нас на
Facebook
YouTube
Бөлісу
Facebook
Twitter