Компания туралы

Словения

Словения — таңқаларлық керемет атмосфераға ие, қонақжай ел. 1991 жылы тәуелсіздігі жарияланғанға дейін, Словения Югославияның құрамындағы республикалардың бірі болып табылды. Тұрғындарының басым көпшілігі словендерден тұрады. Халқының саны — 1, 99 млн. адам. Словен тілі оңтүстік-словян тілдер тобына жатады. Сонымен қатар, ол Словенияның ресми тілі болып табылады. Халқының басым көпшілігі — католиктер.

Словения батысында Италиямен, солтүстігінде — Аустриямен, шығысында — Мажарстанмен, ал, оңтүстігінде — Хорватиямен шектеседі. Словенияда 2 млн.нан астам адам өмір сүреді, олардың 300 000-нан астамы Словенияның астанасы — Люблянда тұрады. Мемлекеттік елтаңбасынан Триглав тауын көре аласыз, екі ирек сызық Адриатик жағалауын білдіреді, ал Цилли графствосының ескі елтаңбасындағы үш жұлдызша елдің шығыс аймағын білдіреді.

Словения — халықаралық туризм елі. Негізгі туристік орталықтары — Любляна, Марибор (туристер тау шаңғысы шипажайына баратын жер), Постойнска Яма карст үңгірі, Блед және Бохинь көлдері, Адриат теңізінің жағалауындағы Порторож шипажай қаласы.


Әлемдегі Gorenje компаниясы

Словения Еуропа Одағына кіргеннен кейін Gorenje фирмасына жаңа мүмкіндіктер

ашылып, жаңа міндеттер артылды Халықаралық нарыққа бағытталған іскерлік стратегиясы Gorenje фирмасының бас кеңсесі мен еншілес қоғамының қолдағы мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып, коммерциялық тәуекелдерін сауатты түрде таратуларына жол ашты. 


Gorenje фирмасы дүниежүзінің 60-тан астам еліндегі тұрмыстық техника нарығында 

танымал болумен қатар, зор беделге ие. Бірақ еуропалық нарықтың басты мақсаты. Gorenje — тұрмыстық техниканың ірі экспорттаушысы (словен  экспортының 93 % ),  тұрмыстық техниканың еуропалық нарығындағы оның үлесі 4%-ды құрайды.  Фирманың үштен екіден астам бөлігі Еурапа елдерінің нарығына түседі.


Gorenje — Еуропалық экологиялық менеджмент және аудит жүргізу Нобайына сәйкес 

ресми сертификатталған словендік алғашқы компания. 


Өте маңызды дерек: Gorenje "Словенияның ең экологиялық кәсіпорыны" номинациясының жеңімпазы ретінде, Еуропа Экологиялық Комиссиясы тарапынан берілетін "European Awards for the Environment") — экология саласындағы еуропалық бәйгеге түспек.


Әлемдегі іскерлік серіктестері үшін 2004 жылдың 30 тамызында Прагада Gorenje 

фирмасының таныстырылымы өтті. Гала-кеш словендік көрнекті архитектор Йоже Плечник тарапынан,  ХХ жүзжылдықта іргесі қаланған Праганың  сәулетті сарайы — Храдчанда өтті.


Гала-кеш Gorenje фирмасының кір жуатын және құрғататын машиналарының жаңа 

жаңа топтамасының таныстырылуымен қызықты өтті. Gorenje фирмасының 

кір жуатын жаңа машиналарының арасындағы ең беделдісі  - Gorenje Premium Touch машинасын Прага қаласының тумасы, атақты топ-модель Ева Херцигова Gorenje фирма басқармасының Президенті Франьо Бобинц мырзамен бірге таныстырды.


  • Gorenje фирмасының шет мемлекеттердегі басты филиалдары:
  • Gorenje Beteiligungsgesellschaft mbH, Вена, Аустрия
  • Gorenje Vertriebs GmbH, Мюнхен, Германия
  • Gorenje UK Ltd., Лондон, Ұлыбритания
  • Gorenje Pacific Pty. Limited, Солтүстік Парраматта, Аустралия
  • Gorenje Budapest Kft, Будапешт, Венгрия
  • Gorenje France S.a., Леваллуа — Перре Седекс, Франция
  • Gorenje Körting Italia S.r.l., Триест, Италия
  • Gorenje Skandinavien A/S, Редевр, Дания
  • Gorenje spol. s r.o., Прага, Чех Республикасы
  • Gorenje Slovakia spol s r.o., Пьештян, Словакия
  • Gorenje Polska Sp.zo.o., Прушкув, Польша
  • Gorenje USA Inc., Кастл Рок, Колорадо, АҚШ
  • Gorenje АВ, Мальме, Швеция
  • Gorenje OY, Хельсинки, Финляндия
  • Gorenje AS, Осло, Норвегия

Gorenje фирмасының шет елдегі өкілдіктері:

  • Gorenje — Мәскеу, Ресей
  • Gorenje — Красноярск, Ресей
  • Gorenje — Киев, Украина
  • Gorenje — Афина, Грекия
  • Gorenje — Барселона, Испания
  • Gorenje — Белград, Сербия 

Тарихы

Gorenje фирмасының алты онжылдығы

Gorenje компаниясының тарихы ауылшаруашылық жабдықтарының өндірісімен басталды. Ешнәрсе де кездейсоқ болмайды деп айтады, алайда Gorenje компаниясының қазіргі таңдағы мәртебесіне ие болып, мойындалуы үшін бір жерде және бір уақытта бірнеше жағдайдың сәйкес келуі қажет болды. 40-жылдардың соңында жергілікті тұрғындар жұмыс істейтін шеберхана жабылудың сәл-ақ алдында тұрды. Алайда, соғыстан кейін мемлекет өнеркәсіптің дамуына белсенді түрде қолдау көрсетіп,  өр мінезді әрі батыл көшбасшылар бастамаларды жүзеге асыру үшін білек сыбана кірісті...

Соғыстан кейінгі жылдары Горенье ауылында Шпеха темір соғатын шеберханасы жұмыс  істеді. 1950 жылғы ұлттандыру үдерісінен кейін аталған шеберханың атауы құрамында он адамнан тұратын, Аймақтық металл өңдеу кәсіпорыны болып өзгертілді.

1953 жылдың наурыз айында кәсіпорынның басшысы болып Gorenje компаниясының  

көреген басшыларының бірі — Иван Ателшек тағайындалды. Оның пікірінше, жұмыстың тиімділігін ғана арттыру жеткіліксіз, сондықтан қолөнер шеберханасын маңызды өндіріс орнына айналдыру қажет болды. Нәтижесінде, компания қайта құрылып, еңбек өнімділігі арттырылып, шығарылған өнімдер жетілдіріп, өндірістік сұрыптама кеңейтілді. Әсіресе Жеміс сыққыштары ерекше танымалдылыққа бөленіп, ал 1956 жылы Gorenje алғаш рет астық бастырғышын патенттеді. Бұл инновация енгізу саласындағы алғашқы қадам болды, мұның ізін ала, 150-ден астам патентке ие болып, халықаралық көптеген марапаттар мен құрметтерге бөленді.


Қатты отын қолданылатын алғашқы плиталар

Gorenjе компаниясы дамуының келесі кезеңі 1958 жылғы ""Тоби"" қатты отынындағы 
пештер пен плиталар өндірісін бастауға мүмкіндік берген өткел болды. Кейінгі бес жыл ішінде жұмысшыларының саны он есеге артты. Осы кезеңде Gorenjе сериялық өндіріске өте бастады. Иван Ателшек жұмысшыларды ынталандырмай кәсіпорынның жетістікке жетуі мүмкін еместігін түсініп, компания қызметкерлерінің өз жұмыстарын  беріле жұмыс істеулері жолға қойылды. Адамдар бос уақыттарында бар ынталарымен беріле еңбек етіп, жалақыларының жартысын станоктар сатып алуға және өз жұмыстарын жеңілдетіп, еңбек тиімділігін арттыру үшін жаңа ғимарат салуға берді.

Веленьеге көшу

Үстіміздегі жылы Gorenje компаниясы екі бірдей мерейтойын тойламақ: елу жыл бұрын зауыт Веленье қаласына көшірілді. Сол кезде Веленье Gorenje компаниясының жұмысының артуы мен дамуына жақсы жағдай жасаушы және жедел қарқынмен дамушы қала болды. Өндіруші кәсіпорынның бірнеше ғимараты болды және компания басшылығы шахтерлердің әйелдері үшін жұмыс орындарын ашқылары келді. Металл өңдейтін Аймақтық кәсіпорын "Горенье, тұрмыстық техникалар Зауыты, Веленье" болып өзгертілді. Жаңа ғимарат пен технологиялық жетілдірілген жабдықтар электр және газ плиталарының ассортиментін толықтыруға мүмкіндік берді. 

Дизайн шетелдік нарыққа жол ашады

Сол уақытта Gorenje компаниясы Югославия нарығында мығым орнығып, шет елдер қызығушылық таныта бастады. 1961 жылы Gorenje компаниясы алғаш рет 200 ас үй плитасынан Германияға топтама экспорттады. Аталған өнімнің жоғары сапасы өзге елдерге де экспорттау мүмкіндік бергенмен, қатаң бәсекелестік жағдайында аяққа тұра білу үшін өнімді безендіруге күш салу керек болды. Ақырында, 1963 жылы штатқа алғашқы дизайнер қабылданып, арадан жеті жыл өткен соң, бүгінгі күнге дейін Gorenje Design Studio деген атаумен жұмысын жалғастырып келген Дизайн-орталығы құрылды. Сол уақыттан бері дизайн Gorenje сауда маркасының ерекше бөлшегіне айналды.

Алғашқы кір жуғыш машиналар

Алпысыншы жылдар әйелдерді үй жұмыстарынан босатумен әйгілі болды. Олардың 
орындарына үй шаруаларын тұрмыстық аспаптар орындай бастады. Алғашқы кір жуғыш
автомат машиналар 1964 жылы Веленьеде шығарылды. Gorenje компаниясы Югославия
нарығына автоматты кір жуғыш машиналарды басқалардан бұрын шығарып, 1970 жылы өзінің жиырма жылдығына қарай, жылына 200 мыңнан астам кір жуғыш машиналар шығарды. 

Сервистік қызметтің құрылуы мен кеңейтілуі

Техникалар елдегі және шетелдегі нарықта кеңінен сатылып, өнімнің техникалық тұрғыдан қолданысы өте күрделі болды, сондықтан 1967 жылы заманауи сервистік қызмет құрылды. Техника бұйымдарын сатып алушыларға оны пайдалану тұрғысынан да қолдау көрсету — бүгінгі күні де Gorenje техникасын таңдаудағы басты артықшылықтардың бірі болып қалмақ.

Тоңазытқыштар өндірісінің басталуы

Gorenje компаниясының тұрмыстық ірі техникаларының топтамасы тоңазытқыштар мен мұздатқыш камераларсыз толыққанды болып есептелмес еді. Бұл нарықтық зерттеулер арқылы да бекітілді және 1968 жылы компрессиялық тоңазытқыштардың шығарылуымен өріс алды. Өндірістің жылдық орташа көлемін кейінгі он жылда 300 мың мұздатқыш-тоңазытқыш техникасы құрады.

Бәрі де сіздің үйіңіз үшін

Өнім топтамаларының артуымен компания дамуының басым бағыты ҮЙ бағдарламасы 

болды. Тұрмыстық шағын техникалар өндірісі іске қосылып, бір жылдан кейін Körting брендімен алғашқы теледидар шығарылды. Электроника бөлімшесі Gorenje маркасымен алғашқы теледидарды нарыққа шығарды. Көп кешікпей, Gorenje компаниясының топтамасы ас үй жиһаздарымен толықты. Бұйымдардың көпшілігі — нарыққа есепсіз соны шешімдер ұсынушы Gorenje компаниясының ізденістері мен құрылмалық жобаларының нәтижесі.


Жемісті қызметтерінің нәтижесінде жиналған қаржыны пайдалана отырып, Gorenje 

көптеген табыстарға қол жеткізді. 1978 жылға қарай Югославияның бүкіл аймағындағы

 компаниялармен бірігуінің нәтижесінде, қызметкерлерінің жалпы саны 20 мың адамға дейін артты.  Осы уақытта компания қызметкерлерінің қарызын қайтаруға қауқарлы болды: қызметкерлер құрылыс алаңы мен зауыт цехындағы жұмыстарының орнына, бос уақыттарын Gorenje компаниясы тарапынан ұйымдастырылған мәдени және спорттық шараларға қатысумен өткізді. Өмір салтындағы қамқорлық пен ынтымақтастық, білім алуда қолдау көрсету,  жұмысын бар ынтамен беріліп атқару сияқты қасиеттер ерекше ұжымдық мәдениет құрды. Және зейнетке шыққанға дейін компанияның сеніміне айналған маңызды жайт болып саналды.


Әлемдік нарыққа жылжу

Компанияның халықаралық нарыққа жасаған бағыты сауданың қарқынды өсуіне ықпал еткен шетелдік бөлімшелер мен филиалдар желісін құруына себеп болды. Германияның Мюнхен қаласында 1972 жылы ашылған шетелдік алғашқы кеңсе Gorenje компаниясының халықаралық саудадағы бірігуінің куәлігі болды.

Жетпісінші жылдар өндіріс көлемінің артуымен, ал сексенінші жылдар болса, 

басқарма, ақпараттық технология, үдерістер, дизайн және технология салаларындағы 

өңдеу жұмыстарының даму бағытымен сипатталады. Өндіріске ені 50 см. газ плиталары, алғашқы конвекциялық және мультифункционалдық, қондырылмалы әрі қосалқылы пештер, кірістірілген қайнату панельдері мен тоңазытқыштар шығарылды. Нарыққа тот баспайтын болаттан жасалынған, сығу жылдамдығы минутына 800-1000 айналымды кір жуатын машиналар шығарылды. Өндірістің орташа  жылдық көлемі 1,65 миллион тұрмыстық ірі техникадан тұрды.

Тоқсаныншы жылдардың басында бұрынғы Югославия территориясында орын алған 
оқиғалар  Gorenje компаниясына қатты әсер етті. Ішкі нарықтың құлдырауы компанияның Батыста өз ұстанымын бекіту қажеттілігін сезіндіріп, Шығыс Еуропадағы дамушы нарықта жаңа мүмкіндіктер іздеуге мәжбүр етті. Сауданың жалпы көлеміндегі экспорттың үлесі 90%-ға өсті. 1997 жылы кәсіпорын жекешелендіріліп, акционерлік қоғамға айналдырылды. 

Инновация және қарқынды даму

Тоқсаныншы жылдар техникалық дизайн мен технологияның қарқынды дамуымен танымал. Пісіру аспаптар саласында көптеген жаңалықтар енгізілді, шыны-қыш қайнату аспаптарының өндірісі басталды. 1992 жылы аэрациялық құрғатқыш машиналарын шығару жолға қойылды. Дизайнның жаңа кезеңі саналатын — 1997 жылы сенсорлы басқарылатын Simple&Logical кір жуғыш электронды машинасы жасалды. Оның артынша, конденсациялық құрғатқыш машинасы шықты. Мұздатқыш-тоңазытқыш техникалар өндірісі ең бірінші кезекте қоршаған ортаға теріс ықпал етуді төмендетуге бағытталды.  Алғашқы өндірушілер қатарындағы Gorenje,  озон қабатын бұзатын газдарды пайдаланудан бас тартты. 

Тұрмыстық техникалардағы ақ түстің басымдығы кеміп, кір жуғыш машиналар әдемі  

күміс түспен де шығарылды. Көп кешікпей, нарық тот баспайтын болаттан жасалған тоңазытқыштар өндірісімен толықтырылып, аты аңызға айналған Oldtimer тоңазытқыш моделі бірнеше түспен шығарылды.


Инновация мен дизайн салаларындағы серіктестік

Компания жаңа мыңжылдықтың енуі мен елужылдық мерейтойын әлемге танымал

Pininfarina дизайн-студиясымен бірлесе жасалған  Gorenje Pininfarina

дизайнын ұсынумен атап өтті. Gorenje компаниясы әлемде алғаш рет бірыңғай безендірілген тұрмыстық ірі техниканың толық түрін нарыққа шығарып, оның сатылымы күткеннен де асып түсті. 


Мұнан былай, Gorenje компаниясының өндірістік дизайнерлер тобы Alux техникасының алюминдік топтамасы мен кір жуғыш және құрғатқыш машиналардың, тоңазытқыштар мен мұздатқыш камералардың, қайнатқыш техникалардың жаңа, инновациялық толқынын жасады, сонымен қатар, шетелдік танымал дизайнерлермен серіктестік дәстүрін жалғастырды: француздық жас дизайнер Ора-Ито, Swarovski, ал Gorenje компаниясының 60-жылдық мерейтой мерекесіне орай, Нью-Йорктағы әлемдік дизайн жұлдызы Карим Рашидпен бірге жасалған ортақ топтама шығарылды.


Өрістеу — одан арғы дамудың кепілі

Жаңа мыңжылдықтың басы инвестициялық қызу жұмыстармен әйгіленді. 2004 жылы
Веленьеде заманауи логистика орталығы ашылды. Сербияда Валеведегі мұздатқыш-тоңазытқыш техникалар зауыты және Стара-Пазова қаласындағы су ысытқыш зауыты сияқты екі зауыт ашылды. Словениядағы Шоштанда Gorenje компаниясының басқа бағыттағы жұмыстарына қызмет көрсететін жаңа өндірістік кешені бой көтерді. Mora Moravia чех плиталар зауыты мен Atag голландиялық тұрмыстық техника өндірушісі пайда болды.


Болашаққа көз тастасақ

2009 жылғы әлемдік эономикалық дағдарыс компанияның үлкен жоспарына кері әсер 
етіп, біз даму тенденциясын сақтап, жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар шаралар қабылдауға мәжбүр болдық. Кәсіби әдіс-тәсіл мен көп күш-жігер нарықтың өзгерген шарттарына тез жауап беріп, сатып алушылардың сенімін сақтап, тіпті нарықтағы үлесті арттыруға мүмкіндік берді. Gorenje компаниясының әрбір қызметкерінің тіпті дағдарыстан кейін де инновацияның жоғары деңгейі мен компанияның дамуы жетістікке апаратын жалғыз жол екеніне сенімі бар. Gorenje тек бренд ғана емес, бұл — өзінің шығармашылық күшіне сенетін және алдағы келесі 60 жылға.... дейін болашақты нақты елестете алатын адамдарды біріктіруші күш. 


Бүгінгі Gorenje

Дизайн, жаңашылдықтар және құрмет

Gorenje премиум-класының тұрмыстық техникасы тұтынушылардың күткендерінен де асып түседі

Gorenje үшін инновация мен дизайн о бастан-ақ маңызды болды. Компания өзінің 

алғашқы патентіне 1956 жылы қол жеткізіп, одан кейінгі 60 жыл бойы 151 өнертабысты патенттеп, дизайн саласында халықаралық беделге ие 26 дипломмен марапатталды.

Gorenje компаниясының дизайндық-бағытталған бренд ретіндегі концепциясы — тұтынушылардың қажеттіліктерін түсіну, инновациялық шешімдерді өңдеп, оларды тұрмыстық аспаптарда қолдану. Gorenje өзінің негізгі қызметінен бөлек, дизайн қызметтерін де ұсынады: 2008 жылы Gorenje Дизайн-орталығын қайта құру сәтті іске асырылып, өнеркәсіп, архитектор және графикалық дизайн салаларында кешенді қызмет көрсететін Gorenje Design Studio (GDS) тәуелсіз студиясы құрылды.

2000 жылы Gorenje компаниясы тоқсаныншы жылдардың басынан бері бар жоспарларын жүзеге асырып, италяндық дизайн — Паоло Пининфарина кескіндемесіндегі алғашқы тұрмыстық техника шығарды. Алғашқы коллекциясымен ойдағыдан да жоғары жетістікке жетіп, шабыттанған Gorenje компаниясы, уақыт өте келе классикалық және танымал дизайн нышанына айналған Gorenje Pininfarina желісінің екінші толқынының жұмысына кірісті. 2007 жылы Gorenje Pininfarina Black қара түсті топтамасы, ал 2010 жылы маңдайалды дизайн мен технологиялық жаңалықтарды кемеліне келтіре синтездеуші Gorenje Pininfarina Steel болат топтамасы шығарылды. Gorenje компаниясының Swarovski, Ора-Ито және Карим Рашид сияқты  әлемдік атақты дизайнерлер мен дизайн-кеңселерімен бірге жасалған кейінгі дизайндары да сәтті болды.

2006 жылы Swarovski брендінің кристалдарымен безендірілген, Made with CRYSTALLIZED™ — Swarovski Elements құрама тоңазытқышы шығарылды. 2007 жылы Gorenje Ora-Ïto Black қара түсті коллекциясы, оның артынша, бір жылдан соң ақ нұсқасы — Gorenje Ora-Ïto White шықты.

2009 жыл Карим Рашидтың, яғни ""Аңыз адамның"" серіктес болуымен есте қалды. Gorenje designed by Karim Rashid заманауи топтамасы MoodLITE озық технологиясымен, ерекше дизайнымен және жоғары сапалы алюмин қаптамасымен ерекшеленеді. Интерьер дизайнындағы заманауи үрдістерге жауап ретінде және заманауи өмір үрдісін есепке ала отырып Gorenje компаниясы Gorenje Simplicity жуынатын бөлме және ас үй тұрмыстық техникаларының желісін құрды. Бұл топтаманың аспаптары бір ғана тетіктің көмегімен логикалық әрі қарапайым басқаруға және технологиялық кемелділікке ие.

Gorenje тұтынушыларын таңқалдырудан жалықпайды: 2012 жыл технологиялық  

жетістік пен керемет дизайн құруылумен танымал. 2012 жылдың басында шығарылған соңғы жаңа топтамалардың бірі — аспаптың экранын саусақпен сырғыту арқылы басқаруға мүмкіндік беретін, түрлі-түсті үлкен сенсорлы дисплейге ие HomeCHEF тұмша пеші. IFA 2011 көрмесінде Gorenje компания мамандарының көпжылғы тәжірибесі мен білімдеріне негізделген IQ Sensor инновациялық технологиясының тұсаукесері болды. Аталған технология IQcook приум-класының жаңа индукциялық қайнату панелі мен  кір жуғыш және құрғатқыш машиналарының жаңа толқынында жүзеге асырылды."


 

Gorenje

60 жылдан астам уақыт ойластырылған технология, ультразаманауи дизайн үйлесімділігі, қоршаған ортаны қорғау және  Gorenje аспаптарындағы сапа мен бағаның сәйкестігі  еуропалық өндірушілер үшін  сапа стандарты мен тұтынушылардың сенімдерін арттырды. Gorenje өнімдерінің бренді мен сапасының беделі Red Dot Design Award, Plus X AwardTM, Gruner Stecker prize, Get Connected Product of the Year Award, Product Innovation Award, Trusted Brand, Superbrands, Icograda Excellence Design Award, ICSID Excellence Design Award in Innovation of the year және бұдан бас басқа көптеген айтулы марапаттарға ие.